Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Еуразиялықтар қанат қақты

Рамазан Есмагамбетов by Рамазан Есмагамбетов
4 июля, 2022
Еуразиялықтар қанат қақты

4 шілдеде Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ түлектерінің диплом алу салтанаты өтті, деп хабарлайды Qazaqpress.

Байланысты

Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда

«Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді

Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді

Сәулелі дүйсенбіде Журналистика және саясаттану кафедрасының 225 студенті диплом табыстау рәсімін өткізді. Әрқайсысы бір мамандықтың иесі болғанына түлектер мен ата-аналардың қуанышында шек болмады. Сән салтанатқа Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Басқарма төрағасы, Ерлан Бәтташұлы Сыдық; «Егемен Қазақстан» республикалық жалпыұлттық газетінің бас редакторы, Аупбаев Жанболат Әлиханұлы; оқу ісі жөніндегі проректор Оңғарбаев Еркін Әнуарұлы; Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының БАҚ-пен байланыс жөніндегі кеңесшісі, ҚР Ұлттық Құрылтай төрағасының орынбасары, Жексенбай Бибігүл Нұрғалиқызы; «Қазақ радиосының» саяси шолушысы, мемлекеттік аттестациялық комиссия төрағасы Махат Кәбірұлы Садық; Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Академиялық мәселелер департаментінің директоры, Қашқымбаев Байжұман Балтабайұлы; «Ашық алаң» бағдармаласының тележүргізушісі, мемлекеттік аттестациялық комиссия төрағасы Мақсат Толықбай; Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Сақ Қайрат Өмірбайұлы; Журналистика және саясаттану факультеті деканының студенттермен жұмыс жөніндегі орынбасары Болатова Гүлжауһар Жамбылқызы; Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректорының кеңесшісі Зейнуллин Серікбол Жұмағалиұлы; Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі Дүйсенғазин Серікзат Мақсұтұлы; Саясаттану кафедрасының меңгерушісі Ғабдулина Бағыш Ахметқызы; Саясаттану кафедрасының профессоры Аскеева Гүлнар Байғановна; Баспасөз және баспа ісі кафедрасының меңгерушісі Әшірбекова Гүлмира Шайтмағанбетқызы; Журналистика және саясаттану факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары Байғожина Дана Өмірбекқызы қатысып, магистрант, бакалавр білім алушыларына қас мамандардың жолын берсін деген ырыммен дипломды өз қолдарымен табыстады.

Келген қонақтар студенттерді жемісті күнімен құттықтап, жеңістерінің таусылмауына тілек білдірді. Айта кетелік, Ерлан Бәтташұлының айтуынша, биыл университет ел бойынша 1-ші ЖОО орнына ие болды және әлем рейтингінде 227-ші орынды иеленді. Тұғыры нық қаланған жас мамандар ұстаздарына қазақ, орыс, ағылшын тілінде алғысын білдіріп, вокалист Алина Левченконың орындауында «Выпускной» әні, жас ақын Байментаев Ерасыл Мамырұлының «Қазақ тілі» әні және Х-фактор жобасының финалисі, «Еуразия дауысы» ән байқауының Гран при иегері Дакишева Мадинаның орындауындағы әні көпшіліктің көңілін баурады.

Оған қоса түлектерге өзінің құттықтау лебізін күймен жеткізу үшін әлеуметтік ғылымдар магистрі Серіков Әл-Фараби сезім қылын шертіп, домбырамен күй төкті.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

«Дүниежүзі тарихшылардың пайымдауынша, жаһандық тарих қатпарында әлемді жаулап, хан атанған ұлылардың 3 пайызының аты қалған. 7 пайызын ұлт азаттығы үшін күрескен қоғам қайраткерлері мен өз дәуірінің саясатына үлес қосқан саясаткерлер құрайды. Ал қалған пайызына адамзаттың өрбуіне септігін тигізген ғалымдар жатады. Жастық шақ мүлт өтетін кезең. Сондықтан, жастығыңыз жаздап тұрған кезде тарихи бағытыңызды дұрыс таңдауға нәсіп етсін. Жанардан жалын, жүректен сәнің, көмейден әнің кетпесін ағайын! Дипломдарың құтты болсын!», – деді Журн. және саясаттану фак. студенті, Есмагамбетов Рамазан.

Айта кетелік, 2022 жылы диплом үлгісі өзгеріп, асты-үстімен түбегейлі жаңа дизайнда жасалды. Биылғы жылдың үздік түлектері қызыл дипломның орнына алтын диплом алатын болды. Онымен қоймай, көк дипломның да дизайны кейбір өзгерістерге ұшырап, көз жаудырарлық болып шықты.

Іс-шара қонақтар мен түлектердің фотосессиясымен тәмамдалды.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Букмекерден ұтып алу мүмкін бе?

Келесі жаңалық

Қазақстанда кейінгі тәулікте коронавирус жұқтыру дерегі көбейді

Рамазан Есмагамбетов

Рамазан Есмагамбетов

Байланысты жаңалықтар

Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда
Категориясыз

Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда

20 июля, 2026
«Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді
Категориясыз

«Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді

20 июля, 2026
Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді
Категориясыз

Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді

19 июля, 2026
Жезқазғанда «Қазақмыс» металлургтері жоғары марапаттарға ие болды
Категориясыз

Жезқазғанда «Қазақмыс» металлургтері жоғары марапаттарға ие болды

18 июля, 2026
Астанада фиджитал спорт бойынша әлемдегі ең ірі халықаралық турнирлердің бірі – Болашақ ойындары өтеді.
Категориясыз

Астанада фиджитал спорт бойынша әлемдегі ең ірі халықаралық турнирлердің бірі – Болашақ ойындары өтеді.

17 июля, 2026
Балқашта Металлург күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті
Категориясыз

Балқашта Металлург күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті

17 июля, 2026
Келесі жаңалық
Қазақстанда кейінгі тәулікте 5 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда кейінгі тәулікте коронавирус жұқтыру дерегі көбейді

Алматыдан 267 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 267 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

FlyArystan кеңейтілген флотымен Наурыз мерекесі қарсаңында рейстер санын арттырады

FlyArystan кеңейтілген флотымен Наурыз мерекесі қарсаңында рейстер санын арттырады

12 марта, 2025
Алматыда дәрігерлер 86 жастағы әйелді жаңа технология көмегімен аяғына тұрғызды

Алматыда дәрігерлер 86 жастағы әйелді жаңа технология көмегімен аяғына тұрғызды

16 марта, 2023
Олег Крук Павлодар облысы әкімінің уақытша міндетін атқарады

Олег Крук Павлодар облысы әкімінің уақытша міндетін атқарады

1 декабря, 2022

Топ жаңалықтар

  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірісті басқарудың бірыңғай цифрлық экожүйесін қалыптастыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда
  • «Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді
  • Қазақстандық Диана Ержанова триатлоннан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогының жеңімпазы атанды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.