---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/07/01/policiya-shymkentte-balalar-zhoghalyp-zhatyr-degen-aqparat-zhalghan/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Полиция: Шымкентте балалар жоғалып жатыр деген ақпарат жалған

![Полиция: Шымкентте балалар жоғалып жатыр деген ақпарат жалған](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/07/cc4988f169ecf3cc8895ff16e1e6bc96.jpg)

**Шымкент қалалық полиция департаменті қаладағы балалардың жоғалуына байланысты таралып жатқан ақпарат жалған екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Кешелі бері «WhatsApp» мессенджерінде Шымкент қаласында балалардың жоғалып жатқаны туралы аудиожазба тарады. Ал, Шымкент қаласының Полиция департаменті қала аумағында балалардың жоғалу фактілері тіркелмегенін ресми түрде хабарлады.

> «Таралып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Осыған байланысты, азаматтардан әлеуметтік желілердегі жалған ақпаратқа емес, тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз» — делінген Шымкент қалалық полиция департаменті таратқан хабарламада.

---

Жарияланды: 2022-07-01T07:13:53+06:00

Жаңартылды: 2022-07-01T07:13:53+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/07/01/policiya-shymkentte-balalar-zhoghalyp-zhatyr-degen-aqparat-zhalghan/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.