Шымкент қалалық полиция департаменті қаладағы балалардың жоғалуына байланысты таралып жатқан ақпарат жалған екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Кешелі бері «WhatsApp» мессенджерінде Шымкент қаласында балалардың жоғалып жатқаны туралы аудиожазба тарады. Ал, Шымкент қаласының Полиция департаменті қала аумағында балалардың жоғалу фактілері тіркелмегенін ресми түрде хабарлады.
«Таралып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Осыған байланысты, азаматтардан әлеуметтік желілердегі жалған ақпаратқа емес, тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз» — делінген Шымкент қалалық полиция департаменті таратқан хабарламада.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз