2022 жылғы 1 шілдеде сағат 11:00-де Алматы қаласында электрмен жабдықтау қызметіне тұтынушылардың барлық топтары үшін бірыңғай шекті бағаны белгілеу туралы пилоттық жоба мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы А.Дарбаевпен халықтың кездесуі өтеді.
Кездесудің ұйымдастырушылары: ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаменті.
Кездесудің мақсаты: электрмен жабдықтау қызметтеріне тарифтерді саралауды алып тастау жобасын талқылау.
Спикер: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы А.Дарбаев.
Қатысу тегін.
Басталуы: 2022 жылғы 1 шілде, жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00
Өтетін орны: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 90 үй
БАҚ тіркеу ағымдағы жылдың 1 шілдесі сағат 09.00-ге дейін жалғасады.
Аккредитация сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: 8 (727) 279-06-09, 8 701-711-1997
* аккредитация кезінде төлқұжат деректерін/Ә.ж. (құжат нөмірі, Берілген күні, кім берген) және телефон нөмірлерін, сондай-ақ аппаратура мен техника нөмірлерін хабарлау қажет.
Құрметпен,
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің баспасөз қызметі
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз