---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/06/30/ajzhan-esmaghambetova-epidzhaghdaj-qiyndap-barady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Айжан Есмағамбетова: Эпиджағдай қиындап барады

![Айжан Есмағамбетова: Эпиджағдай қиындап барады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/06/2321.jpg)

**Денсаулық сақтау вице-министрі — Қазақстанның бас санитария дәрігері Айжан Есмағамбетова Нұр-Сұлтан мен Алматы эпидахуал бойынша «сары» аймаққа жақындап келе жатқанын айтты, деп хабарлайды ****Qazaqpress Tengrinews.kz****-ке сілтеме жасап.**

Маусымның ортасынан бастап санитария дәрігерлері Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі көбейгенін айтып жатыр.

> «Тәулігіне 50 жағдайдан басталды, ал кеше 110 жағдай тіркелді. Апта бойынша қарайтын болсақ, 3,6 есе өсім байқалып отыр. Коронавирус жұқтырғандар көбіне Алматы мен Нұр-Сұлтанда көп.
> 
> 
> 
> 
> Бүгінде бірінші компонентті 56 пайыз адам салдырған. Ревакцинация да жүріп жатыр — шамамен 4,8 миллион адам салдырды. Бүгінде эпиджағдай қиындап барады. Әзірге қосымша не жаңа шектеу енгізу туралы айтып отырған жоқпыз, себебі барлық өңір «жасыл» аймақта. Бірақ Нұр-Сұлтан мен Алматы «сары» аймаққа жақын, — дейді вице-министр.

---

Жарияланды: 2022-06-30T05:49:10+06:00

Жаңартылды: 2022-06-30T05:49:10+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/06/30/ajzhan-esmaghambetova-epidzhaghdaj-qiyndap-barady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.