---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/06/28/prezident-koc-holding-kompaniyasynyng-basqarma-mueshesi-ali-kochty-qabyldady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Президент Koç Holding компаниясының басқарма мүшесі Али Кочты қабылдады

![Президент Koç Holding компаниясының басқарма мүшесі Али Кочты қабылдады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/06/dsc-6187-2_mediumthumb.jpg)

**Президент Koç Holding компаниясының басқарма мүшесі Али Кочты қабылдады, деп хабарлайды Qazaqpress Ақордаға сілтеме жасап.**

Қасым-Жомарт Тоқаев Koç Holding компаниясының қазіргі жұмысымен, сондай-ақ Қазақстандағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарымен танысты.

Али Кочтың айтуынша, түркиялық холдинг қорғаныс өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы саласында бірқатар жобаны жүзеге асыруға ниет білдіріп отыр.

Мемлекет басшысы Түркиямен арадағы ынтымақтастықтың еліміз үшін аса маңызды екеніне тоқталып, Қазақстанда жұмыс істейтін инвесторларға мемлекет тарапынан әрдайым қолдау көрсетілетінін айтты.

---

Жарияланды: 2022-06-28T07:38:10+06:00

Жаңартылды: 2022-06-28T07:38:10+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/06/28/prezident-koc-holding-kompaniyasynyng-basqarma-mueshesi-ali-kochty-qabyldady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.