---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/06/27/atyraw-oblysynda-zhol-apatynan-5-adam-mert-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Атырау облысында жол апатынан 5 адам мерт болды

![Атырау облысында жол апатынан 5 адам мерт болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/06/220626231957960e.jpg)

**Атырау облысында жол апатынан бес адам мерт болды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 26 маусым күні сағат 16:00 шамасында болған.

> «Республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 31-шақырымы тұсында Toyota Hiluxe және Hyundai Tucson автокөліктері соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Hyundai Tucson​ көлігін​ің 37 жастағы жүргізушісі мен оның 4 жолаушысы оқиға орнында қаза болды. Toyota Hiluxe автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады департаменттен.

---

Жарияланды: 2022-06-27T06:44:31+06:00

Жаңартылды: 2022-06-27T06:44:31+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/06/27/atyraw-oblysynda-zhol-apatynan-5-adam-mert-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.