ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіш тергеу орбитасында. Бұл туралы ҰҚК төрағасының орынбасары Асқар Амерханов мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
— Самат Әбіш те тергеу орбитасында. Ол куәлік береді, оның мәртебесін білмеймін. Ол Қазақстанда. Мен оны өзім көрмедім. Менің ойымша, тергеу жүріп жатыр, ол осында болуы тиіс, — деді Амерханов.
Ол тергеу жалғасып жатқанын және оның анық-қанығы жарияланбайтынын айтты.
— Білесіздер, бұрынғы төраға, оның үш орынбасары және тағы төрт аумақтық департамент басшысы — Қызылорда және Алматы обылыстары, Алматы бойынша және төртіншісі — бесінші департаменттің бұрынғы басшысы, — деп түсіндірді Амерханов.
Discussion about this post