---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/06/21/almaty-qalasy-densawlyq-saqtaw-basqarmasynyng-basshysy-qyzmetinen-bosatyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен босатылды

![Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен босатылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/06/220620181522965e.jpg)

**Нариман Табынбаев орталық қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері лауазымына ауысуына байланысты Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Qazaqpress шаһар басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.**

Нариман Табынбаев Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасын 2020 жылдың желтоқсан айынан бастап басқарды.

Нариман Табынбаев 1961 жылы 23 ақпанда туған. Алматы Мемлекеттік медицина институтын, Қазақ инженерлік-техникалық академияны тәмамдаған. Профессор, медицина ғылымдарының докторы.

Еңбек жолын 1985 жылы Қызылорда облысының орталық аудандық ауруханасында балалар хирургі болып бастаған.

1988-1994 жылдары эндоскопия бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда қаласындағы облыстық аурухана бас дәрігерінің диагностикалық орталығы бойынша орынбасары болып жұмыс істеген.

1994-1997 жылдары Алматы облысының орталық аудандық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары болды.

1997-2002 жылдары Урология ғылыми орталығында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, бас дәрігер болып жұмыс істеді.

2008-2014 жылдары Қызылорда қаласындағы облыстық медициналық орталықтың директоры, Урология ғылыми орталығының директоры қызметтерін атқарды.

2014-2015 жылдары елордадағы «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.

2015-2018 жылдары астанадағы Ұлттық ғылыми онкология және трансплантология орталығының директоры болып жұмыс істеді.

2019-2020 жылдары Fox Chase Cancer Center (Philadelphia, АҚШ), University of Minnesota (Minneapolis, АҚШ) тағылымдамадан өтті.

2018-2020 жылдары қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы «Орталық қалалық клиникалық ауруханасы» ШЖҚ МКК директоры қызметін атқарды.

---

Жарияланды: 2022-06-21T04:32:57+06:00

Жаңартылды: 2022-06-21T04:32:57+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/06/21/almaty-qalasy-densawlyq-saqtaw-basqarmasynyng-basshysy-qyzmetinen-bosatyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.