Ақша жұмыс істеп, иесіне тұрақты түрде табыс алып келіп тұру керек.
Сондықтан, бос қаражат пайда болған кезде оларды инвестициялық жобалардың біріне салған абзал. Оған депозит, акциялар немесе жылжымайтын мүлік кіреді. Банктік депозит пайда алып келмейді, тек ақша қаражатын инфляциядан қорғайды. Қор биржасында ойнау өте қауіпті және арнайы дағдыларды талап етеді. Сайып келгенде, жылжымайтын мүлік сатып алу инвестицияның ең қауіпсіз түрі болып саналады, сол себепті танымал инвесторлардың басым бөлігі осылай ақша табады.
Жылжымайтын мүлікке құйылған инвестицияның пайдасы
1. Тәуекелдің аздығы. Жылжымайтын мүлік сатып алу аз тәуекелді қажет ететін үлкен табыс табу жолдарының бірі. Сарапшылардың пікірінше, инвестицияның бұл түрінің арқасында капитал жылына 14%-тен асады. Бұл көрсеткіш акциялар мен банк салымдарынан түскен табыстан бірнеше есе көп.
2. Капиталдың тұрақты өсуі. Уақыт өте келе жылжымайтын мүлік бағасы көтеріледі. Сөйтіп, Түркия, Кипр, Испания, Португалия, Грузиядағы тұрғын үй кешендеріндегі жаңа пәтерлер 25%-тен астам қымбаттады. Яғни, 2021 жылы пәтер алған әрбір инвестор салған қаражатын небәрі 4 жылда қайтарады.
3. Сатып алуға арналған қолжетімді несиелер. Жылжымайтын мүлік құнды активтерге жатады, сондықтан банктер оны сатып алу үшін несие беруге дайын. Бұл әсіресе, жеке үйге ие болғысы келетін және басқа біреудің үйін жалға алуға қаражаты жоқ жас отбасылар үшін тартымды ұсыныстардың бірі.
4. Өз қажеттіліктерің үшін пайдалану. Бұл инвестицияның басқа түрлерінен айырмашылығы, жылжымайтын мүлікті әрқашан өз қажеттіліктеріңіз үшін пайдалануға болады. Сатып алынған пәтерде тұруға, теңіз жағасындағы үйде демалуға және коммерциялық ғимаратта бизнес жүргізуге де мүмкіндік бар.
5. Құрылыс нысанының алуандығы. Инвестор кез келген жылжымайтын мүлікке қол жеткізе алады: қарапайым саяжайлардан бастап еуропалық астаналардың қақ ортасындағы сәнді пәтерлерге дейін таңдауға болады.
Артық ақшаны қандай жылжымайтын мүлікке жұмсаған жөн?
Жылжымайтын мүлікті шетелден алу жаңадан бастаған инвесторлар үшін ең жақсы шешімдердің бірі. Мұндай актив ақшаны инфляциядан қорғауға және капиталды ұлғайтуға мүмкіндік береді. Тұрғын үйді қайта сату немесе ұзақ мерзімге жалға беру арқылы табыс табуға болады. Жалпы пәтерді жаңа тұрғын үй кешендерінен сатып алған дұрыс, олар дамыған инфрақұрылымы бар аудандарда орналасқан және жалға алушыларды тартады.
Туристік жылжымайтын мүлік. Портфелін туристік нысандармен толықтырғысы келетін инвесторлар үшін ең жақсы шешім. Бұл инвестицияның табысы жылы мезгілде қала маңындағы тұрғын үйді жалға беруден түседі.
Коммерциялық жылжымайтын мүлік. Бұл көлік қозғалысы көп жерлерде ғимаратты жалға беру арқылы ақша тапқысы келетін инвесторлар үшін тиімді актив. Әдетте, ол сауда орталықтарында және тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарында орналасады.
Инвестиция үшін жылжымайтын мүлікті қайдан табуға болады?
Инвесторларды қызықтыратын нысандардың бірі бастапқы нарықтағы жылжымайтын мүлік. Бұл салынып жатқан сауда орталықтарындағы коммерциялық ғимараттар, тұрғын үй кешендеріндегі жаңа пәтерлер, таунхаустар мен коттедждер. Бұл нысандар әлемнің әртүрлі бөліктерінде орналасу мүмкін және олармен танысу үшін көп уақыт қажет етеді. Сондықтан, «United Property Expo 2022» халықаралық жылжымайтын мүлік көрмесін тамашалап, әлемнің 15 елінен 70 ірі құрылыс компаниясының 10 000 астам нысанын бір жерде аралаған жеңілірек.
2022 ж. 24-25 маусым аралығында «United Property Expo 2022» көрмесінде қатысушылар жаңа пәтер сатып ала алады, инвестициялық портфелін жаңа активтермен толықтыра алады немесе жаңа бизнес ғимараттарды үлкен жеңілдікпен сатып алу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, көрме ұйымдастырушылары құжаттарды рәсімдеуге, азаматтықты және шетелде тұруға рұқсат алуға, соның ішінде халықаралық сатып алу-сату келісімшарттарын тексеруге және ресімдеуге көмектеседі. «United Property Expo 2022» көрмесінің барлық қатысушылары жылжымайтын мүлік әлемінің көшбасшыларымен таныса алады, ал белсенділерді іскерлік кездесулер күтуде. QAZAQPRESS-FREE промокодпен сайтқа тіркелу арқылы тегін билет ала аласыз.
Discussion about this post