---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/06/16/nur-sultanda-tamaqtan-wlanghandar-sany-98-adamgha-zhetti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Нұр-Сұлтанда тамақтан уланғандар саны 98 адамға жетті

![Нұр-Сұлтанда тамақтан уланғандар саны 98 адамға жетті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/06/f946b583ed5345a491db133077441013.jpeg)

**Нұр-Сұлтанда тамақтан уланғандар саны 98 адамға жетті, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «16 маусым күні сағат 09.00-дегі жағдайға сәйкес жаңадан тағы 7 дерек тіркелді. Қорытындысында тамақтан уланғандар саны 98-ге жетті», — деп атап өтті Нұр-Сұлтан қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінен.

Еске салсақ, бұған дейін 9 және 10 маусымда департаменттің аудандық басқармаларына қала ауруханаларынан тағамнан улану тіркелгені туралы шұғыл хабарлама түскен еді.

Бүкіл науқастар бұл жағдай елорданың қоғамдық тамақтану орындарының бірінде тамақ жегеннен кейін болғанын хабарлаған болатын.

---

Жарияланды: 2022-06-16T07:07:16+06:00

Жаңартылды: 2022-06-16T07:07:16+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/06/16/nur-sultanda-tamaqtan-wlanghandar-sany-98-adamgha-zhetti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.