---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/06/14/shildede-toqaevtyng-toeraghalyghymen-uekimetting-kengejtilgen-otyrysy-oetedi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Шілдеде Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

![Шілдеде Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/05/7708f9ac833f2a498c91273db490d-1.jpeg)

**Шілдеде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «Алдымыздағы шілде айында Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Онда еліміздің бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылаймыз. Сондай-ақ инфляция мен инвестиция мәселелері көтеріледі. Барлық министрлер мен әкімдер осы отырысқа дайындалуы керек. Алты айдың қорытындысын біз жаңа үш облысты қоса отырып, жиырма өңір бойынша толықтырып жасаймыз», — деді Әлихан Смайылов бүгін Үкімет отырысында.

---

Жарияланды: 2022-06-14T08:24:40+06:00

Жаңартылды: 2022-06-14T08:24:40+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/06/14/shildede-toqaevtyng-toeraghalyghymen-uekimetting-kengejtilgen-otyrysy-oetedi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.