---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/06/13/toqaev-osy-aptada-ulytaw-peterbor-tegerangha-barady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев осы аптада Ұлытау, Петербор, Тегеранға барады

![Тоқаев осы аптада Ұлытау, Петербор, Тегеранға барады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/06/220517073550640e.jpg)

**Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 13-19 маусым аралығындағы жұмыс кестесі жарияланды, деп хабарлайды Qazaqpress.**

16 маусымда Мемлекет басшысы Ұлытауда өтетін Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысына қатысады.

17 маусымда Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен мерейтойлық XXV Петербург халықаралық экономикалық форумына қатысады. Мемлекет басшысы ПХЭФ пленарлық отырысында сөз сөйлейді, сондай-ақ, бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.

19 маусымда Қазақстан көшбасшысы президент Ибрахим Раисидің шақыруымен Иранға ресми сапармен барады. Тегеранда жоғары деңгейдегі екіжақты келіссөздер, сондай-ақ, бірқатар үкіметаралық құжатқа қол қою жоспарланған.

Еске салайық, XXV Петербург халықаралық экономикалық форумы 2022 жылғы 15-18 маусым аралығында өтеді.

---

Жарияланды: 2022-06-13T05:10:52+06:00

Жаңартылды: 2022-06-13T05:10:52+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/06/13/toqaev-osy-aptada-ulytaw-peterbor-tegerangha-barady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.