---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/06/09/toqaev-halyqaralyq-kompaniyalardyng-basshylarymen-kezdesw-oetkizdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев халықаралық компаниялардың басшыларымен кездесу өткізді

![Тоқаев халықаралық компаниялардың басшыларымен кездесу өткізді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/06/1654757189_kz1_3347_2-scaled.jpg)

**Мемлекет басшысы халықаралық компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды Qazaqpress Ақордаға сілтеме жасап.**

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-отырысы қарсаңында «Fortescue Future Industries» компаниясының негізін қалаушы әрі директорлар кеңесінің төрағасы Эндрю Форресті, сондай-ақ «Полиметалл УК» акционерлік қоғамының президенті Игорь Финогеновті қабылдады.

Эндрю Форрестпен кездесу барысында көміртегін аз пайдалана отырып даму мәселесі талқыланды. Бұл – Қазақстанның стратегиялық мақсаттарының бірі.

«Fortescue Future Industries» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Президентке компанияның еліміздегі жел энергетикасы және жасыл сутегін өндіру жобаларына инвестиция салу жоспары туралы айтты.

Игорь Финогенов Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлемдегі ірі тау-кен және алтын өндіруші компаниялардың қатарына кіретін «Полиметалл УК» акционерлік қоғамының жұмысы туралы мәлімет берді.

Кәсіпкер Мемлекет басшысына геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және күн электр станцияларын салу жөніндегі жоспарын айтты.

---

Жарияланды: 2022-06-09T07:19:45+06:00

Жаңартылды: 2022-06-09T07:19:45+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/06/09/toqaev-halyqaralyq-kompaniyalardyng-basshylarymen-kezdesw-oetkizdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.