---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/06/09/bqo-da-eki-adam-swgha-batyp-ketti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# БҚО-да екі адам суға батып кетті

![БҚО-да екі адам суға батып кетті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/06/cb313c448b5aff0058062905a24129da_xl.jpg)

**Батыс Қазақстан облысында екі ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 8 маусым күні Бөкей ордасы ауданында болды.

> «Аудан орталығы Сайқын ауылынан 20 шақырым жерде көктемгі тасқын кезінде жиналған суда шомылған 36 жастағы ер адам батып кетті. Жергілікті тұрғындар сағат 18.30-дан бастап оның денесін іздестірген. Оқиға орнына құтқарушылар мен полиция қызметкерлері де барды. Іздестіру жұмыстары 9 маусымда жалғасады», — деп хабарлады ведомстводан.

Тағы бір оқиға 4 маусым күні осы ауданның Бисен ауылында болды. Сағат 18.30-да жергілікті тұрғындар 56 жастағы ер адамның денесін судан шығарып алды. Оның өлімінің мән-жайы анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

---

Жарияланды: 2022-06-09T05:26:18+06:00

Жаңартылды: 2022-06-09T05:26:18+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/06/09/bqo-da-eki-adam-swgha-batyp-ketti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.