БҚО-да екі адам суға батып кетті

БҚО-да екі адам суға батып кетті

Батыс Қазақстан облысында екі ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 8 маусым күні Бөкей ордасы ауданында болды.

«Аудан орталығы Сайқын ауылынан 20 шақырым жерде көктемгі тасқын кезінде жиналған суда шомылған 36 жастағы ер адам батып кетті. Жергілікті тұрғындар сағат 18.30-дан бастап оның денесін іздестірген. Оқиға орнына құтқарушылар мен полиция қызметкерлері де барды. Іздестіру жұмыстары 9 маусымда жалғасады», — деп хабарлады ведомстводан.

Тағы бір оқиға 4 маусым күні осы ауданның Бисен ауылында болды. Сағат 18.30-да жергілікті тұрғындар 56 жастағы ер адамның денесін судан шығарып алды. Оның өлімінің мән-жайы анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.