---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/06/06/referendwmnyng-aldyn-ala-naetizhesi-belgili-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Референдумның алдын ала нәтижесі белгілі болды

![Референдумның алдын ала нәтижесі белгілі болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/06/1654431719q2952_1000x768.jpg)

**Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумның алдын ала қорытындысын жариялады, деп хабарлайды ****Qazaqpress Tengrinews.kz-****ке сілтеме жасап.**

> «6 маусымда сағат 08:00-де еліміздің барлық өңірлеріндегі және шетелдегі 10 012 сайлау учаскесінде дауыстарды санау аяқталды. Конституциялық түзетулер бойынша дауыс беру жалпыхалықтық сипатта болды. «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 31-бабына сәйкес, дауыс беруге құқығы бар азаматтардың жартысынан астамы қатысса, сондай-ақ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екісі дауыс беруге қатысса референдум өткізілді деп есептеледі», — деп хабарлады брифингте Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Алдын ала мәлімет бойынша, азаматтардың 77,18 пайызы дауыс берген. Түзетулерге қарсы — 18,66 пайыз. Бюллетеньдердің 2,58 пайызы жарамсыз деп танылды. Дауыстарды санау кезінде бюллетеньдердің 1,58 пайызы есепке алынған жоқ.

---

Жарияланды: 2022-06-06T09:15:41+06:00

Жаңартылды: 2022-06-06T09:15:41+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/06/06/referendwmnyng-aldyn-ala-naetizhesi-belgili-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.