---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/06/06/referendwm-bojynsha-exit-poll-naetizheleri-zhariyalandy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Референдум бойынша Еxit poll нәтижелері жарияланды

![Референдум бойынша Еxit poll нәтижелері жарияланды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/06/photo_397604.jpeg)

**5 маусымда елімізде өткен республикалық референдумның 3 Еxit poll нәтижеcі жарияланды, деп хабарлайды Qazaqpress.**

> «Қоғамдық пікір» институты 5 маусым күні 600 сайлау учаскелерінен шыға берісте азаматтарға сауалнама — Еxit poll жүргізді. Оның 360-ы қалада, 240-ы ауылда ұйымдастырылды. Сауалнама республикалық маңызы бар қалалар, облыс орталықтары, шағын қалалар, ауылды елді мекендерді қамтыды. Сұрауға 24 мың респондент қатысты. Респонденттерге «Сіз Конституцияға түзетулер енгізуді қолдадыңыз ба, әлде қарсы дауыс бердіңіз бе?» деген бір ғана сұрақ қойылды. «Конституцияға түзетулер енгізуге қолдау білдірген респонденттер 74,8 пайызды, ал қарсы болғандар 25,2 пайызды құрады. Еxit poll нәтижесі бойынша референдумге қатысушылар 70,1 пайызды құрады», — делінген зерттеуде.

Cонымен қатар «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі сайлау учаскелерінің шыға берісінде Exit poll өткізді. Сауалнама алу 375 учаскеде, оның ішінде 225 қалалық және 150 ауылдық референдум учаскесінде жүргізілді. 15 мыңнан адамнан сауалнама алынды. Зерттеу қорытындысының қателігі 2,7 пайызды құрайды. Демократия институты Exit poll бірінші рет өткізіп отырған жоқ. Ол Қазақстанда 2007 жылдан бергі сайлау науқандары кезінде бейімделген әдістеме арқылы жүргізілді.

Ал «СОЦИС-А» компаниясы жүргізген сауалнама нәтижесі сауалнамаға қатысқандардың 76,7% Конституцияға өзгеріс енгізуге «иә» деп жауап берсе, 23,3% қарсы болған.

---

Жарияланды: 2022-06-06T04:27:11+06:00

Жаңартылды: 2022-06-06T04:27:11+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/06/06/referendwm-bojynsha-exit-poll-naetizheleri-zhariyalandy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.