Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Басты

Прокурорлар заңсыз ұсталған 596 азаматты босатқан

Агзам Текенов by Агзам Текенов
3 июня, 2022
Прокурорлар заңсыз ұсталған 596 азаматты босатқан

Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады, деп хабарлайды Qazaqpress Ақордаға сілтеме жасап.

Байланысты

Бейбіт Исабаев әйелдерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтап, мемлекеттік наградалар тапсырды

Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова ТҮРКСОЙ марапаттарына ие болды

Алматы спортшылар үшін арнайы авиатарифтер туралы келісімге келді: бюджет қаражаты үнемделеді

Президентке елімізде заңдылықтың сақталу жағдайы және қадағалау қызметінің маңызды бағыттарына қатысты жұмыстардың негізгі қорытындысы жөнінде есеп берілді.

Берік Асыловтың айтуынша, жыл басынан бері прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде 7 мыңнан астам заң бұзушылық жойылған. Оның көбі мемлекеттік сатып алулар, денсаулық сақтау, экология және балалардың құқықтарын қорғау салаларында анықталған. 10 мыңнан астам мемлекеттік қызметші мен квазимемлекеттік сектордың қызметкері әкімшілік және тәртіптік жауапқа тартылған. Прокуратураның араласуынан кейін мемлекетке 8,4 млрд теңге қайтарылған, 177 мыңнан астам еңбек құқығы қалпына келтірілген, сондай-ақ 1 млрд теңгеден астам жалақы қарызы өтелген.

Президентке криминогендік жағдайлар және азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету үшін қылмыстық-құқықтық салада қабылданып жатқан шаралар жөнінде ақпарат берілді. Прокурорлар заңсыз ұсталған 596 азаматты босатты. 542 азаматқа қатысты шешімді қайта қарау ұсынылды, соның ішінде сотталған 90 адамның жағдайы жақсартылып, 9 адам ақталды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа қылмыстық процестің жаңа үш буынды моделінің енгізілу барысы жөнінде арнайы баяндалды. Биыл прокурорлар 152 мың процессуалдық шешімді қайта електен өткізді. Соның ішінде 11,5 мыңнан астам қаулы заңсыз деп танылды. 1 мыңға жуық азаматтың қылмыстық процеске негізсіз тартылуына жол берілмеді.

Берік Асылов Мемлекет басшысына бизнесті қорғау, әсіресе заңсыз қылмыстық қудалауға жол бермеу үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде жан-жақты баяндады. Президенттің тапсырмасы бойынша прокурорлар кәсіпкерлерге қатысты қозғалған барлық қылмыстық істің заңдылығын тексеріп жатыр. Жүргізілген тексерістер нәтижесінде өндірістегі 378 істің 36-сы тоқтатылды. Бизнеске кедергі жасау, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік орган өкілдері тарапынан қызметін асыра пайдалану фактілері бойынша 12 сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Материалдарды тексеру әлі де жалғасады.

Кәсіпкерлердің қылмыстық процеске негізсіз тартылуын болдырмау мақсатында ұйымдастырушылық және заңнамалық шаралар кешені әзірленеді.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Мемлекет басшысына қаңтар оқиғасына байланысты тергеу амалдарының барысы туралы арнайы баяндалды. Бүгінде 489 азаматқа қатысты іс сотқа жолданған. 331 адам, негізінен ұрлық, тонаушылық, қару сақтау және ұрлау деректері бойынша сотталған. Тек 23 адамға қатысты бас бостандығынан айыру туралы нақты шешім шыққан, қалғандарына жеңіл жаза кесілген. Рұқсат етілмеген тергеу амалдары мен жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза болғандарға қатысты істер ерекше бақылауға алынған.

Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасының себебін жан-жақты тексеріп, оған кінәлілерді объективті түрде анықтау, сондай-ақ тергеу қорытындысы жөнінде жұртшылыққа тұрақты ақпарат беру қажет екенін атап өтті. Бұдан бөлек, Президент еліміздің әлеуметтік және экономикалық өмірінің барлық саласында заңдылықты қамтамасыз етудің аса маңызды екенін айтты.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

ВТБ Қазақстандағы еншілес банкінің қаражатын ұлғайтуда

Келесі жаңалық

Самат Ғилымов «Қазақавтожол» басшысы болып тағайындалды

Агзам Текенов

Агзам Текенов

Байланысты жаңалықтар

Бейбіт Исабаев әйелдерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтап, мемлекеттік наградалар тапсырды
Категориясыз

Бейбіт Исабаев әйелдерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтап, мемлекеттік наградалар тапсырды

6 марта, 2026
Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова ТҮРКСОЙ марапаттарына ие болды
Категориясыз

Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова ТҮРКСОЙ марапаттарына ие болды

5 марта, 2026
Алматы спортшылар үшін арнайы авиатарифтер туралы келісімге келді: бюджет қаражаты үнемделеді
Категориясыз

Алматы спортшылар үшін арнайы авиатарифтер туралы келісімге келді: бюджет қаражаты үнемделеді

4 марта, 2026
Бейбіт Исабаев: облыстағы жергілікті маңызы бар жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі — 95%
Категориясыз

Бейбіт Исабаев: облыстағы жергілікті маңызы бар жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі — 95%

3 марта, 2026
Жетісу облысында 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Алғыс – бірлік бастауы» мерекелік іс-шарасы өтті
Категориясыз

Жетісу облысында 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Алғыс – бірлік бастауы» мерекелік іс-шарасы өтті

1 марта, 2026
Тұрғындар қауіпсіздігі үшін жаңа техника: Жетісуда құтқару қызметін жаңғырту жалғасуда
Басты

Тұрғындар қауіпсіздігі үшін жаңа техника: Жетісуда құтқару қызметін жаңғырту жалғасуда

28 февраля, 2026
Келесі жаңалық
Самат Ғилымов «Қазақавтожол» басшысы болып тағайындалды

Самат Ғилымов «Қазақавтожол» басшысы болып тағайындалды

Нұр-Сұлтан сотының төрағасы Тілектес Барпибаев қызметінен босатылды

Нұр-Сұлтан сотының төрағасы Тілектес Барпибаев қызметінен босатылды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

САРАПШЫЛАР ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ҚАБЫЛДАУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

САРАПШЫЛАР ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ҚАБЫЛДАУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

24 февраля, 2026
Нұр-Сұлтанда жас қыз суға батып кетті

Нұр-Сұлтанда жас қыз суға батып кетті

30 сентября, 2021
Аида Балаева: Білім, ғылым және инновациялар алғаш рет мемлекеттің жоғары құндылықтарының қатарына енгізілді

Аида Балаева: Білім, ғылым және инновациялар алғаш рет мемлекеттің жоғары құндылықтарының қатарына енгізілді

18 февраля, 2026

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жаңа Конституция: Конституция жобасына арналған «Референдум–2026» онлайн-марафоны мәресіне жетті

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ұйқы безінің қатерлі ісігі: неліктен ерте анықтау маңызды-АОО онкологы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматы қаласы ОКҚК дәрігерлері күрделі жол апатынан кейін науқасты аяғына тұрғызды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Астанадағы MEGA Silk Way сауда орталығында «Бақыт деген» музыкалық флешмобы өтті
  • КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ: ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕР ҚАУІПСІЗДІГІ
  • ОТАНДЫҚ ӘЙЕЛ-ҒАЛЫМДАРҒА АРНАЛҒАН АКАДЕМИК Н.БАЗАНОВА АТЫНДАҒЫ МАРАПАТ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ТАБЫСТАЛДЫ

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.