---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/06/01/toqaev-halyqaralyq-balalardy-qorghaw-kuenimen-quttyqtady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

![Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/06/photo_99990.jpeg)

**Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады, деп хабарлайды ****Qazaqpress Ақорда сайтына сілтеме жасап.**

> «Құрметті отандастар!
> 
> 
> 
> 
> Халықаралық балаларды қорғау күні — ерекше қуаныш пен мейірімге толы шуақты мейрам.  
> 
> Баланың күлкісі мен бақытынан артық ештеңе жоқ екенін осы мерекеде бәріміз айқын сезінеміз.
> 
> 
> 
> 
> Өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау — мемлекетіміздің басты міндетінің бірі.
> 
> 
> 
> 
> Біз заманауи мектептер мен жайлы балабақшалар салып, инновациялық орталықтар, оқушылар сарайларын және спорт кешендерін ашып жатырмыз. Үйірмелер мен секциялар да ұйымдастырылған.
> 
> 
> 
> 
> «Балалар жылы» аясында көптеген жаңа жобалар қолға алынды. Әрбір баланың талабын ұштап, дарынын ашуды көздейтін түрлі іс-шаралар жүзеге асырылуда.
> 
> 
> 
> 
> Мемлекет жылдан жылға бұл бағыттағы жұмысты күшейте түседі. Өйткені, жас ұрпақтың мықты азамат болып өсуі еліміздің тұрақты дамуына және баянды болашағына жол ашады.
> 
> 
> 
> 
> Жас қазақстандықтарды және барша жұртты осы жарқын мерекемен құттықтаймын!  
> 
> Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!», — делінген хабарламада.

---

Жарияланды: 2022-06-01T05:24:19+06:00

Жаңартылды: 2022-06-01T05:24:19+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/06/01/toqaev-halyqaralyq-balalardy-qorghaw-kuenimen-quttyqtady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.