---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/06/01/angsaghan-saebi-baghdarlamasy-2025-zhylgha-dejin-zhalghasady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Аңсаған сәби» бағдарламасы 2025 жылға дейін жалғасады

![«Аңсаған сәби» бағдарламасы 2025 жылға дейін жалғасады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/06/photo_332730.jpeg)

**«Аңсаған сәби» бағдарламасының арқасында 1307 отбасында көптен күткен 1560 бала дүниеге келді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.

> «Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы бедеулік салдарынан отбасылық жұптардың 20 пайызыы ажырасып жатқанына, отбасылық-демографиялық жағдайға алаңдаушылық білдіре отырып, «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырды. Былтыр осы бағдарлама арқылы 7 000 әйелге қосалқы репродуктивтік технологиялар қолжетімді болды. Нәтижесінде 3 000-нан астам әйел жүктілік бойынша есепке алынды. 1307 отбасында көптен күткен 1560 бала дүниеге келді. Бұл бағдарлама «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы шеңберінде 2025 жылға дейін жалғасатын болады», — деді Ажар Ғиният Үкімет отырысында.

---

Жарияланды: 2022-06-01T05:28:43+06:00

Жаңартылды: 2022-06-01T05:28:43+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/06/01/angsaghan-saebi-baghdarlamasy-2025-zhylgha-dejin-zhalghasady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.