Microsoft шағын және орта бизнеске арналған жаңа сервистері Microsoft Security Experts пен Defender for Business-ті қысқаша таныстырды

Microsoft шағын және орта бизнеске арналған жаңа сервистері Microsoft Security Experts пен Defender for Business-ті қысқаша таныстырды

Microsoft басқарылатын қауіпсіздік қызметтерінің жаңа әрі кеңейтілген желісі туралы хабардар етті.

Microsoft Security Experts ұйымдарға өз желілерін қорғауға және кибер шабуылдардан келетін тәуекелдер мен әлеуетті зияндарды мейлінше азайтуға көмектесу үшін, адамдар басқаратын сервистері бар заманауи қауіпсіздік технологияларын үйлестіреді. Сол сияқты, компания Microsoft Defender-дің бизнеске арналған дербес нұсқасының көпшілік үшін қолжетімді екенін де жариялады. Defender for Business шағын және орта бизнес кәсіпорындарының толық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, оның ішінде соңғы нүктелерді табу және бопсалаушы бағдарламалар мен басқа да жетік кибер қауіптерден қорғау мүмкіндіктерін ұсынады.

Соңғы бір жылдың ішінде кибер қауіптердің өсу қарқыны алаңдаушылық тудырып отыр: егер он жыл бұрын кибер қылмыстардан болатын зиян жыл сайын 3 трлн АҚШ доллары деп бағаланған болса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 6 трлн АҚШ доллары болып өсіп, бүгінде,  2025 жылға қарай кибер қылмыстылық әлем үшін жыл сайын 10,5 трлн АҚШ долларына татитын болады деген болжам айтылуда.

Шабуылдардың масштабтары ұлғайған сайын, олардан “қорғану” да артуы тиіс. Былтыр Microsoft қауіпсіздік қызметі 9,6 миллиардтан астам зиянды қауіптерді және 35,7 миллиардтан астам фишингтік және басқа да зиян келтіретін электронды хаттарды бұғаттады. Microsoft Security әлем бойынша 35-тен астам бопсалаушы бағдарламаларды, сондай-ақ бопсалаушы бағдарламалар мен қылмыстық саладағы 250 бірегей қауіпті қырағылықпен қадағалап отыр, ал Microsoft технологиясы секунд сайын іріктеу әдісімен парольдерді ұрлау әрекеттерінің 900-ден астамын бұғаттайды.

Алайда кибер қылмыстардан қорғалу үшін, технологиялық шешімдердің өздері жеткіліксіз. Қорғау құралдары маңызды, бірақ озық технологиялар, қауіптерді жан-жақты талдау және біліктілігі жоғары мамандардың жұмысы – осының барлығын үйлесімдікте қолдану ғана расымен тиімді қауіпсіздік жүйесімен қамтамасыз етеді. Мәселен, АҚШ-тың еңбек нарығы кибер қауіпсіздік саласында мамандар тапшылығына жолығып отыр: бұл саладағы 3 лауазымның біреуі бос қалып отыр. Осы себепті, компаниялар өз жүйелерін толық іске қосу үшін немесе өзінің қорғалуын қолдау үшін, басқарылатын қауіпсіздік қызметтерін іздеуде.

​​Microsoft нарықтағы осы сұранысты көріп отыр және өзінің әріптестік экожүйесінің, сигналдардың ауқымды спектірінің, технологиялық инновацияларының және қауіпсіздік саласындағы әлемдік деңгейдегі таланттарының арқасында, аталған міндеттерді шешудің бірегей мүмкіндіктеріне ие.

Сол үшін ​​Microsoft корпорациясы өзінің бұрыннан бар қызмет көрсету мүмкіндіктерін Microsoft Security Experts жаңа қызметтер санаты түрінде кеңейтуде. Бұл сервис ұйымдарға барынша сенімді әрі тиімді нәтижелерге қол жеткізуге көмектесетін, сарапшылар әзірлеген, адамдар басқаратын параметрлерге ие технологияларды үйлестіреді.

Компанияның мақсаты – қауіпсіздік, тұтастық, сәйкестендіру, басқару және құпиялылық саласында жаңа сервисті ұсыну. Тәжірибелі әріптестік экожүйенің жәрдемімен, Microsoft үш жаңа басқарылатын сервис әзірледі, олар клиенттің сарапшылар командасын қажеттіліктерімен сәйкестікте, оларды жалдауда және оқытуда кездесетін проблемаларсыз масштабтауға көмектесе алады.

Microsoft Defender көмегімен шағын және орта кәсіпорындар көпдеңгейлі қорғанысқа, қорғануға қажетті анықтау мен жауап қайтаруға, белгілі және онша белгілі емес қауіптерді жоюға қол жеткізеді.

Defender for Business өнімінің ерекшеліктері:

Егер көбірек білгіңіз келсе:

Microsoft туралы

Microsoft (Nasdaq “MSFT” @microsoft) «интеллектуалдық бұлт» және «интеллектуалдық технологиялар» дәуірінде цифрлық трансформацияға қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді. Компанияның миссиясы – планетадағы әр адамға және ұйымға көп нәрсеге қол жеткізуге мүмкіндік беру.

Өтінеміз, қосымша ақпарат алу үшін, байланысыңыз:

Дания Утеева

LBS Team – Microsoft CEE-ге арналған PR қызметтері – Multi-country| LBS TEAMd.o.o. атынан әрекет ететін PBN H+K Strategies Kazakhstan агенттігі
M: +7 778 555 4124 | E: ceemcpress@microsoft.com | W:www.lbs-team.com