Microsoft басқарылатын қауіпсіздік қызметтерінің жаңа әрі кеңейтілген желісі туралы хабардар етті.
Microsoft Security Experts ұйымдарға өз желілерін қорғауға және кибер шабуылдардан келетін тәуекелдер мен әлеуетті зияндарды мейлінше азайтуға көмектесу үшін, адамдар басқаратын сервистері бар заманауи қауіпсіздік технологияларын үйлестіреді. Сол сияқты, компания Microsoft Defender-дің бизнеске арналған дербес нұсқасының көпшілік үшін қолжетімді екенін де жариялады. Defender for Business шағын және орта бизнес кәсіпорындарының толық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, оның ішінде соңғы нүктелерді табу және бопсалаушы бағдарламалар мен басқа да жетік кибер қауіптерден қорғау мүмкіндіктерін ұсынады.
Соңғы бір жылдың ішінде кибер қауіптердің өсу қарқыны алаңдаушылық тудырып отыр: егер он жыл бұрын кибер қылмыстардан болатын зиян жыл сайын 3 трлн АҚШ доллары деп бағаланған болса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 6 трлн АҚШ доллары болып өсіп, бүгінде, 2025 жылға қарай кибер қылмыстылық әлем үшін жыл сайын 10,5 трлн АҚШ долларына татитын болады деген болжам айтылуда.
Шабуылдардың масштабтары ұлғайған сайын, олардан “қорғану” да артуы тиіс. Былтыр Microsoft қауіпсіздік қызметі 9,6 миллиардтан астам зиянды қауіптерді және 35,7 миллиардтан астам фишингтік және басқа да зиян келтіретін электронды хаттарды бұғаттады. Microsoft Security әлем бойынша 35-тен астам бопсалаушы бағдарламаларды, сондай-ақ бопсалаушы бағдарламалар мен қылмыстық саладағы 250 бірегей қауіпті қырағылықпен қадағалап отыр, ал Microsoft технологиясы секунд сайын іріктеу әдісімен парольдерді ұрлау әрекеттерінің 900-ден астамын бұғаттайды.
Алайда кибер қылмыстардан қорғалу үшін, технологиялық шешімдердің өздері жеткіліксіз. Қорғау құралдары маңызды, бірақ озық технологиялар, қауіптерді жан-жақты талдау және біліктілігі жоғары мамандардың жұмысы – осының барлығын үйлесімдікте қолдану ғана расымен тиімді қауіпсіздік жүйесімен қамтамасыз етеді. Мәселен, АҚШ-тың еңбек нарығы кибер қауіпсіздік саласында мамандар тапшылығына жолығып отыр: бұл саладағы 3 лауазымның біреуі бос қалып отыр. Осы себепті, компаниялар өз жүйелерін толық іске қосу үшін немесе өзінің қорғалуын қолдау үшін, басқарылатын қауіпсіздік қызметтерін іздеуде.
Microsoft нарықтағы осы сұранысты көріп отыр және өзінің әріптестік экожүйесінің, сигналдардың ауқымды спектірінің, технологиялық инновацияларының және қауіпсіздік саласындағы әлемдік деңгейдегі таланттарының арқасында, аталған міндеттерді шешудің бірегей мүмкіндіктеріне ие.
Сол үшін Microsoft корпорациясы өзінің бұрыннан бар қызмет көрсету мүмкіндіктерін Microsoft Security Experts жаңа қызметтер санаты түрінде кеңейтуде. Бұл сервис ұйымдарға барынша сенімді әрі тиімді нәтижелерге қол жеткізуге көмектесетін, сарапшылар әзірлеген, адамдар басқаратын параметрлерге ие технологияларды үйлестіреді.
Компанияның мақсаты – қауіпсіздік, тұтастық, сәйкестендіру, басқару және құпиялылық саласында жаңа сервисті ұсыну. Тәжірибелі әріптестік экожүйенің жәрдемімен, Microsoft үш жаңа басқарылатын сервис әзірледі, олар клиенттің сарапшылар командасын қажеттіліктерімен сәйкестікте, оларды жалдауда және оқытуда кездесетін проблемаларсыз масштабтауға көмектесе алады.
- Microsoft Defender Experts for Hunting қауіпсіздікті басқаратын сенімді орталығы бар, бірақ Microsoft-тің оларға Microsoft Defender деректеріндегі қауіптерді, оның ішінде соңғы нүктелерді, Office 365-ті, бұлтты қосымшаларды және сәйкестендіруді белсенді іздеуге көмектескенін қалайтын клиенттерге арналған. Microsoft сарапшылары өздері тапқан нәрсенің барлығын зерттейді, сосын компания өзі жылдам жауап қайтара алуы үшін, оған ескертулер туралы ақпаратты және басқару жөніндегі нұсқаулықты береді.
- Microsoft Defender Experts for XDR өзінің қауіпсіздікті басқару орталығының мүмкіндіктерін кеңейтуді қалайтын клиенттерге арналған. Defender Experts for XDR дегеніміз басқарылатын кеңейтілген анықтау және жауап қайтару қызметі (XDR), ол соңғы нүктелердің аясынан шығады және инцидент бола қалған жағдайда клиенттің командасымен бірге жауап қайтару үшін, ескертулерді зерделей келе және дербестендіру мен адами тәжірибені пайдалана отырып, Microsoft 365 Defender-де анықтауды және қарсы жауап қайтаруды қамтамасыз етеді.
- Барынша кешенді, өнімділігі жоғары басқарылатын қызметтерді қажет ететін ірі кәсіпорындарға Microsoft сарапшыларынан Microsoft Security Services for Enterprise сай келеді. Сарапшылар бақылап отыратын осы бір кешенді сервис өзінде қауіптерді проактивті іздеуді және басқарылатын XDR-ді қамтиды, бұл орайда барлық бұлтты орталар мен платформаларды қорғау үшін, Microsoft (SIEM) және XDR стек қауіпсіздік және оқиғаларды басқару туралы толық ақпарат технологиясын қолданады. Microsoft-тің қауіпсіздік жөніндегі мамандары енгізуді, күнделікті өзара әрекеттестікте болуды, практиканы жаңғыртуды және инцидент бола қалғанда сіз үшін жауап қайтаруды басқарады.
Microsoft Defender көмегімен шағын және орта кәсіпорындар көпдеңгейлі қорғанысқа, қорғануға қажетті анықтау мен жауап қайтаруға, белгілі және онша белгілі емес қауіптерді жоюға қол жеткізеді.
Defender for Business өнімінің ерекшеліктері:
- Қауіптер мен осалдықтарды басқару басым бағыттарды анықтап, бизнес үшін тәуекелі ең жоғары болатын осал тұстарға баса назар аударуға көмектеседі. Басымдықтарды анықтап, осалдықтар мен бағдарламалық жабдықтаудың қате баптауларын жойып, өз ортаңыз үшін қауіпсіз негізді белсене жасаңыз.
- Шабуыл алаңын тарылту параметрлері осал салаларды азайтуға көмектеседі (яғни, сіздің құрылғыларыңыз бен қосымшаларыңыздағы кибер шабуылдарға компанияңыздың осалдық танытатын тұстары), қаскөйлердің кибер шабуыл жасау тәсілдерін азайтады.
- Жаңа буынды қорғау барлық түрдегі жаңа қатерлерді бейтараптандырады, құрылғыны және деректері бар бұлтты зиянды бағдарламалардан қорғайды.
- Соңғы нүктелерді анықтау және оларға қарсы жауап қайтару әрекет сигналдары негізінде жүреді, бұл тұрақты және күрделі қауіптерді анықтауға, сонымен қатар оларға қарсы жауап қайтаруға және оларды өз ортаңнан жоюға мүмкіндік береді.
- Автоматты тексеру және түзету ескертпелерді зерделей келе және клиенттерге жасалған шабуылдарды жою шараларын дереу іске асыра отырып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша операцияларды масштабтауға көмектеседі. Хабарландыру көлемін азайту және қауіптерді жою арқылы, Defender for Business клиенттерге міндеттерді басымдығына қарай қоюға және барынша күрделі қауіптерге баса назар аударуға мүмкіндік береді.
Егер көбірек білгіңіз келсе:
- Васу Джаккала блогындағы Microsoft Security Experts-ке жасалған шолуды осы жерден оқыңыз
- Microsoft-тің бопсалаушы бағдарламалардың сервистер ретіндегі танымалдығының артуы туралы жаңа зерттеумен осы жерде танысыңыз
- Шағын және орта бизнеске арналған Defender for Business туралы жаңа мақаланы осы жерден оқыңыз
Microsoft туралы
Microsoft (Nasdaq “MSFT” @microsoft) «интеллектуалдық бұлт» және «интеллектуалдық технологиялар» дәуірінде цифрлық трансформацияға қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді. Компанияның миссиясы – планетадағы әр адамға және ұйымға көп нәрсеге қол жеткізуге мүмкіндік беру.
Өтінеміз, қосымша ақпарат алу үшін, байланысыңыз:
Дания Утеева
LBS Team – Microsoft CEE-ге арналған PR қызметтері – Multi-country| LBS TEAM d.o.o. атынан әрекет ететін PBN H+K Strategies Kazakhstan агенттігі
M: +7 778 555 4124 | E: ceemcpress@microsoft.com | W: www.lbs-team.com
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз