---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/05/27/ishki-ister-ministrliginde-birqatar-taghajyndaw-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ішкі істер министрлігінде бірқатар тағайындау болды

![Ішкі істер министрлігінде бірқатар тағайындау болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/05/7e51d2e0039fb6f7abbbc40e43921792.jpg)

**Ішкі істер министрлігінің департамент басшылары тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress ІІМ сілтеме жасап.**

> «Министрлікте полиция қызметтерінің басшы лауазымдарына үміткерлердің кандидатурасы қаралды. Бұл – Iшкі істер министрлігінің кадрлық тағайындауының жаңа форматы. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов және оның орынбасарлары, сондай-ақ мүдделі қызмет басшылары кандидаттардың кәсібилігі мен жеке қасиеттерін талқылады», — делінген хабарламада.

Кандидатураларды қарау және әңгімелесу нәтижелері бойынша ішкі істер министрінің бұйрығымен:

– ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы лауазымына Айдос Рысбаев;

– ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы лауазымына Хаджи-Ғали Имажанов;

– ІІМ Кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары лауазымына Шыңғыс Алекешев;

– ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары лауазымына Дамир Тайжанов;

– Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына Рүстем Тұңғышбаев тағайындалды.

---

Жарияланды: 2022-05-27T05:22:00+06:00

Жаңартылды: 2022-05-27T05:22:00+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/05/27/ishki-ister-ministrliginde-birqatar-taghajyndaw-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.