«ӘЛЕУМЕТ» жобасын таныстыру және «Referendum: Halyq üni» әлеуметтік зерттеу жұмысының нәтижесі» атты конференция өтеді

«ӘЛЕУМЕТ» жобасын таныстыру және «Referendum: Halyq üni» әлеуметтік зерттеу жұмысының нәтижесі» атты конференция өтеді

Баспасөз маслихатының тақырыбы: «ӘЛЕУМЕТ» жобасын таныстыру және «Referendum: Halyq üni» әлеуметтік зерттеу жұмысының нәтижесі.

Ел тұрғындарының азаматтық және саяси белсенділігін, олардың алдағы референдумға қатысты пайым-пікірі мен одан не күтетінін «AMANAT» партиясы жанындағы Қоғамдық саясат институты «ӘЛЕУМЕТ» жаңа жобасы аясында зерделеді. 19-22 мамыр аралығында еліміз бойынша жедел сауалнама жүргізіліп, оған 2000-ға жуық адам қатысты. Жоба жайында және қоғамдық пікірді зерттеу нәтижелері туралы ақпаратпен келесі спикерлер бөліседі:

«AMANAT» партиясының Қоғамдық саясат институтының директоры Мәдина Нұрғалиева;

Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары Айгүл Сәдуақасова;

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Саясат Нұрбек;

«AMANAT» партиясының Хатшысы Дәулет Кәрібек.

Аккредитация үшін байланыс деректері:

Бикежан +7 702 364 4651

press.amanatparty@gmail.com

Өтетін күні: 27 мамыр, 2022 жыл.

Уақыты: 10.30.

Өтетін орны: «AMANAT» партиясының баспасөз орталығы,

Қонаев 12/1, 1 қабат