---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/05/25/qazaqstanda-300-mynggha-zhwyq-frilanser-zhumys-istejdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстанда 300 мыңға жуық фрилансер жұмыс істейді

![Қазақстанда 300 мыңға жуық фрилансер жұмыс істейді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/05/f6847170b9fce2e3591e335cb2ffcf11.jpg)

**Қазақстанда бүгінде 300 мыңға жуық фрилансер жұмыс істейді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов айтты, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Ол Өзбекстанда өтіп жатқан «Орталық Азиядағы экономикалық даму үшін тиімді басқару» халықаралық конференциясы барысында жұмыспен қамтудың стандартты емес түрлерінің көбеюі байқалғанын атап өткен.

Бірінші вице-министрдің мәліметі бойынша, 10 жыл ішінде әлемде цифрлық еңбек платформаларының саны 5 есе өсті. Платформалық жұмыспен қамту көптеген адам үшін ақша табудың және кәсіби дамудың нақты әдісіне айналуда.

> «Жаһандық компаниялардың 40%-ы өз жұмысында фрилансерлер санын арттыруды жоспарлап отыр. Ал Қазақстанда, біздің бағалауымыз бойынша, бүгінде 300 мыңға жуық фрилансер жұмыс істейді», – деді Ақмәди Сарбасов.

Спикер бірқатар жаңа стратегиялық бастамаларды да ұсынды. Ол халықтың табысын 2025 жылға қарай 27%-ға арттыру жөніндегі міндеттерді шешуге көмектесуі тиіс. Жалпы бастамалар 4 бағытта іске асырылады.

---

Жарияланды: 2022-05-25T05:10:24+06:00

Жаңартылды: 2022-05-25T05:10:24+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/05/25/qazaqstanda-300-mynggha-zhwyq-frilanser-zhumys-istejdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.