---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/05/24/tuerkistan-oblysynda-eki-bala-swgha-batyp-ketti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Түркістан облысында екі бала суға батып кетті

![Түркістан облысында екі бала суға батып кетті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/05/210704233212105e.jpg)

**Түркістан облысында екі бала суға батып кетті, деп хабарлайды Qazaqpress 24.kz-ке сілтеме жасап.**

Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, өзенде шомылып жүрген ұлын таппай қалғанын айтып көмек сұраған.

> — Оқиға орнына Бәйдібек АПБ-нің бастығы бастаған жедел-тергеу тобы, прокуратура қызметкерлері, төтенше жағдай қызметінің қызметкерлері жедел жетіп, жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізді.  Бірнеше сағатқа ұласқан жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде полицейлер Бөген өзенінен 2 жасөспірімнің мәйітін тапты, — делінген хабарламада.

Полицияның мәліметінше, 16 мамыр 2012 жылғы 4 жасөспірім суға түсуге өзенге келген.

> — Олар Бәйдібек ауданы Шалдар ауылындағы Бөген өзенінің 2 метр тереңдіктегі жеріне түскен.  Оқиға орнын қарау барысында балалардың киімдері мен велосипедтері табылды. Қазіргі таңда аталған дерек Бәйдібек АПБ-де тіркеліп, тексеру жүргізіліп жатыр, — деді полиция департаменті.

---

Жарияланды: 2022-05-24T05:02:49+06:00

Жаңартылды: 2022-05-24T05:02:49+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/05/24/tuerkistan-oblysynda-eki-bala-swgha-batyp-ketti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.