---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/05/23/shughyla-turlybek-qazaqstandyqtar-1-myngnan-astam-qarw-zharaqty-policiyagha-tapsyrghan/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Шұғыла Тұрлыбек: Қазақстандықтар 1 мыңнан астам қару-жарақты полицияға тапсырған

![Шұғыла Тұрлыбек: Қазақстандықтар 1 мыңнан астам қару-жарақты полицияға тапсырған](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/05/782.jpg)

**ҚР Ішкі істер министрлігі қазақстандықтардан қару-жарақ пен оқ-дәрі сатып алып жатыр. Бұл туралы аталған ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлайды Qazaqpress.**

> «Ішкі істер министрлігі халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша республикалық акцияны жалғастырып жатыр. Қару-жарақты өз еркімен тапсырғаны үшін қарудың жай-күйіне қарай әрқайсына 10-нан 100-ге дейінгі айлық есептік көрсеткіш көлемінде төлем көзделген. Қазіргі таңда полицияға ерікті түрде 1093 атыс қаруы тапсырылды.
> 
> 
> 
> 
> Тапсырылған қару-жарақтың ішінде 1 автомат, 167 ойық ұзын ұңғылы, 4 ойық қысқа ұңғылы, 910 тегіс ұңғылы, 11 травматикалық, 5 жарылғыш құрылғы бар. Одан бөлек, 8 мыңнан астам патрон алынды. Естеріңізге сала кетейік, қару-жарақ заттарын қабылдау әрбір аумақтық полиция органында жүргізіледі», — дейді ол.

---

Жарияланды: 2022-05-23T07:04:51+06:00

Жаңартылды: 2022-05-23T07:04:51+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/05/23/shughyla-turlybek-qazaqstandyqtar-1-myngnan-astam-qarw-zharaqty-policiyagha-tapsyrghan/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.