Тоқаев ҰҚК-ны реформалау туралы Жарлыққа қол қойды

Тоқаев ҰҚК-ны реформалау туралы Жарлыққа қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚК-ны реформалау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Qazaqpress ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметі бойынша, Президент Жарлыққа 17 мамырда қол қойды.

— Осы Жарлықпен ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін жетілдіруді көздейтін Қазақстан Республикасы Президентінің 15 жарлығына түзетулер енгізілді. ҰҚК-нің жаңартылған құрылымы бекітілді. ҰҚК-нің жекелеген мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылып, оңтайландырылды, — делінген хабарламада.