---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/05/20/maewlen-aeshimbaev-qasiretti-qangtar-zhastardyng-problemasy-oezekti-ekenin-koersetti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Мәулен Әшімбаев: Қасіретті қаңтар жастардың проблемасы өзекті екенін көрсетті

![Мәулен Әшімбаев: Қасіретті қаңтар жастардың проблемасы өзекті екенін көрсетті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/05/5acd7uq1.jpeg)

**Тиімді жастар саясаты мемлекеттің беріктігі мен тұрақталығының басты шарты екені анық. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлім етті, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «Қасіретті қаңтар» оқиғасы жағдайы жасалмаған жастардың проблемасы қаншалықты өзекті екенін көрсетіп берді. Сол кезде көшеге шыққан жастардың көбінің сапалы білімі, тұрақты жұмысы және табысы болмағаны белгілі. Осындай жастарымызды әртүрлі диструктивті күштердің қаншалықты оңай пайдаланып кете алатынын да көрдік. Бұл біздер үшін ең маңызды сабақ болды және жалпыұлттық күн тәртібінің негізгі басымдығына айналды. Жалпы, тиімді жастар саясаты мемлекеттің беріктігі мен тұрақталығының басты шарты екені анық», — деді М. Әшімбаев Сенаттағы «Жаңа Қазақстан: жастар және жаңғыру» тақырыбындағы парламенттік тыңдау кезінде.

Оның айтуы бойынша, елімізде жастарға қатысты жүйелі әрі кешенді шешімдерді талап ететін бірқатар өзекті әлеуметтік-экономикалық проблема бар.

> «Ең алдымен, қолжетімді әрі сапалы біліммен қамтамасыз ету мәселесі. Қазір қалалық және ауылдық мектептердегі білім сапасында айтарлықтай алшақтық бар екені жасырын емес. Оны Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижелері де көрсетіп отыр. Пандемия кезінде интернетке қолжетімділік қала мен ауылда біркелкі болған жоқ. Оның салдары алшақтықтың тағы да ұлғаюына әкеліп соқтырды. Ал, сапалы білімнің тең дәрежеде қолжетімді болмауы әлеуметтік теңсіздіктің ең басты себептерінің бірі екені сөзсіз», — деді Сенат төрағасы.

---

Жарияланды: 2022-05-20T08:28:36+06:00

Жаңартылды: 2022-05-20T08:30:03+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/05/20/maewlen-aeshimbaev-qasiretti-qangtar-zhastardyng-problemasy-oezekti-ekenin-koersetti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.