Мәдени алмасу

Мәдени алмасу

11 мамырда Свами Вивекананди атындағы Үнді елшілігінің мәдени орталығында Үндістан мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына, Үндістан Тәуелсіздігінің 75 жылдығына және ақын Рабиндранат Тагордың 160 жылдығына орай «Достық жібі» музыкалық әдеби-көркем кеші өтті.

Іс-шараға Үндістан Елшісі Шубдхаршини Трипати, Свами Вивекананди атындағы Үнді мәдени орталығының директоры Санджай Веди @iccr_nursultan, TO «AVANGARD» жетекшісі, жазушы Дина Ораз қатысты.

TO «AVANGARD» мүшелері:

Юлия Набатова @julietta_n_poet

Гүлмира Шопанова @gulmira.shopanova

Дина Ораз @orazdina

Рамазан Есмағамбетова @esmagambetovramazan

Рассита Багамаева @rassita_poet

Арман Шеризат @armansherizat

Елизавета Геттингер @hettingerlizaveta

Савва Ковыль @savvakovyl

Сахнада TO «AVANGARD» мүшелері Кази Назрул Ислам, Моханг Сингх, Умашанкар Джоши, Рабиндранат Тагор, Пиллай Десика Винаяхама, Шри Ауробиндо Гоша сынды үнді ақындарының өлең үзінділерін және өздерінің авторлық шығармаларын оқыды.

Сонымен қатар қазіргі үнді ақыны Prava Samantaray шығармалары таныстырылды. SVCC үнді мәдени орталығының студенттерінің орындауында үнді әні мен биі қойылды.

ҚазҰӨУ студенттері, халықаралық байқаулардың лауреаттары Рабиндранат Тагордың «Сен ешқашан армандаған жоқсың» фильмінен «Соңғы өлең», Латиф Хамидидің «Қазақ вальсі» музыкалық композициялары орындалды. Орындаған: скрипкашы Дана Шалауова @d.l.v.d, пианист Камиль Айтқожина @kami_piano

Онымен қоса Астана суретшілер қауымы @meetandsketch_astana халықтар достығы тақырыбында суреттер көрмесін ұйымдастырды. Суретшілер бірлескен ұйымдастырушы Малика Игібаевамен @malikatakira бірге болып жатқан жайттың, адамдардың және декор заттарының жылдам эскиздерін салып отырды. Одан бөлек, денеге қынамен сурет салынды. Ал кеш қорытындысында қонақтарға үнді ұлттық тағамы ұсынылып, мәдени алмасу мәресіне жетті.