---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/05/12/almatyda-4-zhasar-bala-swgha-toly-shungqyrgha-qulap-qajtys-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда 4 жасар бала суға толы шұңқырға құлап қайтыс болды

![Алматыда 4 жасар бала суға толы шұңқырға құлап қайтыс болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/05/photo_98800.png)

**Алматыда 4 жасар бүлдіршін шұңқырға жиналған суға құлап, мерт болды, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметі бойынша, қайғылы оқиға Алатау ауданына қарасты «Қарасу» шағынауданында болған.

> «Бұл жағдай Алатау аудандық полиция басқармасында тіркелді. Қазіргі таңда соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сонымен қатар, заңмен көзделген процессуалдық әрекеттер бар. Қайғылы оқиғаның мән-жайы толық анықталады. Міндетті түрде заң аясында жауапты адамдарға шара қолданылады»,- деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

БАҚ беттерінде жарияланған ақпаратқа сүйенсек, бүлдіршіннің өмірін қиған лай суға толы шұңқыр бір ай бұрын қазылған.

---

Жарияланды: 2022-05-12T06:51:49+06:00

Жаңартылды: 2022-05-12T06:51:49+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/05/12/almatyda-4-zhasar-bala-swgha-toly-shungqyrgha-qulap-qajtys-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.