---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/05/12/almatyda-1-synyp-oqwshysyn-zorlaghandargha-qatysty-is-qozghaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда 1-сынып оқушысын зорлағандарға қатысты іс қозғалды

![Алматыда 1-сынып оқушысын зорлағандарға қатысты іс қозғалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/05/photo_98804.jpeg)

**Алматыдағы мектептердің бірінде 1-сынып оқушысы зорланды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Алматы полициясы бастығының орынбасары Рустам Абдрахмановтың мәліметі бойынша, кішкентай баланың әкесі Наурызбай аудандық полиция басқармасына 21 сәуір күні арызданған.

> «Сол күні 1968 жылы туған Г. есімді азаматтан түскен арыз ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде іс бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданатын болады. Тергеу барысын қадағалау үшін процессуалдық прокурор тағайындалды»,- деп атап өтті Рустам Абдрахманов.

Сонымен қатар, ол қылмыстық істің тергелу барысы мен нәтижесін Алматы полиция департаменті бақылауға алғанын атап өтті.

---

Жарияланды: 2022-05-12T03:42:49+06:00

Жаңартылды: 2022-05-12T03:42:49+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/05/12/almatyda-1-synyp-oqwshysyn-zorlaghandargha-qatysty-is-qozghaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.