---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/05/11/qyzylordadaghy-atys-uesh-adamdy-oeltirdi-degen-kuediktiler-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қызылордадағы атыс: үш адамды өлтірді деген күдіктілер ұсталды

![Қызылордадағы атыс: үш адамды өлтірді деген күдіктілер ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/05/photo_98765.jpeg)

**Қызылордада үш адамды өлтірді деген күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Qazaqpress Polisia.kz-ке сілтеме жасап.**

7 мамырда Қызылорда қаласында атыс болды. Осы дерекке байланысты жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде, алты күдікті ұсталып, қамауға алынды. Төрт күдіктіге қатысты іздеу жарияланған.

> — Оқиға болған жерді және күдіктілердің тұрғылықты мекенжайын тексеру барысында бес қару-жарақ, бірнеше оқ-дәрі, есірткі және жеті автокөлік айғақ ретінде алынып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Барлық қатысушының жеке басы анықталып, жәбірленуші тараптың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Жоғарыда көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар негізінде сегіз қылмыстық іс, яғни адам өлтіру бойынша — 2, бұзақылық бойынша — 2, қарудың заңсыз айналымы бойынша 3 іс және есірткінің заңсыз айналымы бойынша бір іс тіркелді, — деді Қызылорда облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Байгелді.

Қазіргі уақытта қылмыстық істің мән-жайын жан-жақты, толық және объектив түрде тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

---

Жарияланды: 2022-05-11T08:03:46+06:00

Жаңартылды: 2022-05-11T08:03:46+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/05/11/qyzylordadaghy-atys-uesh-adamdy-oeltirdi-degen-kuediktiler-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.