---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/05/10/toqaev-memlekettik-saparmen-tuerkiyagha-keldi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев мемлекеттік сапармен Түркияға келді

![Тоқаев мемлекеттік сапармен Түркияға келді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/05/f17e2ca6d80d3ba2e2e4ff5bd84ecc63.jpeg)

**Президент Қасым-Жомарт Тоқаев президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды ****Qazaqpress Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.**

Түркия астанасы «Есенбоға» халықаралық әуежайында Қазақстан Президентін Түркияның вице-президенті Фуат Октай, Анкара губернаторы Васип Шахин және басқа да бірқатар ресми тұлғалар күтіп алды.

Мемлекет басшысы Анкарадағы екі күндік сапары барысында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізіп, түркиялық ірі бизнес өкілдерімен өтетін бизнес форумға қатысуы жоспарланған.

Бұған дейін Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевтың 10-11 мамырға жоспарланған Түркияға мемлекеттік сапары елдер арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті кеңейтудегі маңызды кезең болады деген болатын.

---

Жарияланды: 2022-05-10T10:36:35+06:00

Жаңартылды: 2022-05-10T10:36:35+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/05/10/toqaev-memlekettik-saparmen-tuerkiyagha-keldi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.