---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/05/05/bqo-da-bwhgalter-31-million-tengge-zhymqyrghan/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# БҚО-да бухгалтер 31 миллион теңге жымқырған

![БҚО-да бухгалтер 31 миллион теңге жымқырған](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/05/2020062611024654969_dengi.jpg)

**Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық білім бөлімінің бухгалтері 31 миллион теңге жымқырды деп айыпталып, 7 жылға сотталды, деп хабарлайды Qazaqpress Хабар 24 сайтына сілтеме жасап.**

Сотталушының кінәсі дәлелденді. Тергеу барысында ол мемлекетке келтірілген залалды толық өтеп, соттан бас бостандығынан айырмауды сұрады. Ал прокурор соттан әйелді 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

> — Күшаева Ақкенже ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмысты жасаған. Оған мүлкін тәркілемей, 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Кәмелетке толмаған екі баласы болуына байланысты жазаны өтеу мерзімі 5 жылға шегерілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ, — деді облыстық соттың баспасөз хатшысы Нұргүл Қанатбаева.

---

Жарияланды: 2022-05-05T08:33:37+06:00

Жаңартылды: 2022-05-05T08:33:37+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/05/05/bqo-da-bwhgalter-31-million-tengge-zhymqyrghan/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.