---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/05/05/almatyda-alty-zhanga-sayabaq-ashylady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда алты жаңа саябақ ашылады

![Алматыда алты жаңа саябақ ашылады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/05/6205fd6db801256c416-4-0.jpg)

**Алматыда қала шетінде алты саябақ салынады. Бұл туралы БАҚ-қа арналған баспасөз туры барысында айтылды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Саябақтың басым бөлігі Алатау ауданында (Зерделі, Боралдай, Саялы, Өжет шағын аудандары), сондай-ақ Медеу (Алатау ш.а) және Наурызбай аудандарында (Қарғалы жағалауының бойында) ашылады. Жаңа саябақтар балалар және спорт алаңдарымен, рекреациялық аймақтармен жабдықталады.

Бүгінде қалада жалпы алаңы 631,2 га болатын 211 саябақ аумағы орналасқан. Қазіргі уақытта сегіз нысанды, оның ішінде саябақтарды, скверлерді және т.б. абаттандыру, жөндеу және қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Нысандардың бірі – ҚБТУ ғимаратының артындағы «Северный» сквері, онда бастапқыда тек фонтанды реконструкциялау жоспарланған болатын. Алайда, тексеру барысында бүкіл алаңның тозғаны анықталды. Нәтижесінде бүкіл аумақты қайта құру туралы шешім қабылданды. Жоба бойынша ағаштарды санитарлық кесу, көгалдандыру, брусчатканы жаңарту, сыртқы жарықтандыру, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі үшін бейнекамералар орнату қароастырылған. Барлық жұмыстарды 2022 жылдың қазан айында аяқтау жоспарлануда.

Байсейітова көшесі бойымен Сәтбаев көшесінен Жамбыл көшесіне дейінгі жаяу жүргіншілер аймағы спорт, балалар алаңдарымен, орындықтармен, урналармен жабдықталады, сыртқы жарықтандыруды орнату жоспарлануда.

Өткен жылы Бостандық ауданында жалпы аумағы 3,4 га болатын «Достық» саябағын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.Қайта құру аясында асфальт жабындары жаңартылды, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды, сыртқы жарықтандыру және суару жүйесі жүргізілді, workout және балалар ойын алаңы салынды.

Қала орталығынан алыс орналасқан әрбір ауданда серуендейтін аймақтар салу жоспарлануда. Мысалы, Боралдайдағы саябақ Терренкурға ұқсас болады, ал Зерделіде Орталық мәдениет саябағына ұқсас жастар саябағы салынады.

Қазіргі уақытта қаланың саябақтары мен гүлзарларын күтіп ұстауда проблемалар бар. Осы мәселені шешу үшін қаланың саябақтары мен гүлзарларын күтіп ұстау және оларға қызмет көрсету жөніндегі жұмыстардың тиісті сапасын және бақылауды қамтамасыз ететін бірыңғай оператор – Eco Almaty» ЖШС беру туралы ұсыныс енгізілді.

---

Жарияланды: 2022-05-05T07:03:45+06:00

Жаңартылды: 2022-05-05T07:03:45+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/05/05/almatyda-alty-zhanga-sayabaq-ashylady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.