---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/05/04/qyzylordada-antikorda-istejmin-dep-zhalghan-kwaelikpen-zhuergen-turghyn-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қызылордада «антикорда істеймін» деп жалған куәлікпен жүрген тұрғын ұсталды

![Қызылордада «антикорда істеймін» деп жалған куәлікпен жүрген тұрғын ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/05/220504114252072e.jpg)

**Қызылордада жалған қызметтік куәлікпен жүрген 34 жастағы қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Қызылорда қалалық полиция басқармасы жедел басқару орталығының бейнекамерасы қаладағы орталық көшелердің бірінде автокөлік иесінің жол ережесін бұзғанын анықтады.

Бұл бойынша полицейлерге бағыт-бағдар беріліп, көлік тоқтатылды.

> «Патрульдік полиция қызметкерлері көлік иесін тоқтатқан сәтте жүргізуші өзін «Антикордың қызметкерімін» деп таныстырып, қызметтік куәлігін ұсынған. Тексеру барысында қызметтік куәліктің жалған екендігі анықталды. Айғақты заттар алынды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабының 3-бөлігімен тергеу жүріп жатыр. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда», — деп мәлім етті басқармадан.

Ведомство мәліметінше, аталған жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

---

Жарияланды: 2022-05-04T08:28:09+06:00

Жаңартылды: 2022-05-04T08:28:09+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/05/04/qyzylordada-antikorda-istejmin-dep-zhalghan-kwaelikpen-zhuergen-turghyn-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.