---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/05/04/balqash-awdandyq-awrwhanasynda-zamanawi-aedispen-operaciya-zhasalyna-bastady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Балқаш аудандық ауруханасында заманауи әдіспен операция жасалына бастады

![Балқаш аудандық ауруханасында заманауи әдіспен операция жасалына бастады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/05/whatsapp-image-2022-05-03-at-18.36.21.jpeg)

**Балқаш аудандық орталық ауруханасында алғаш рет лапароскопиялық әдіспен өт қабына ота жасалды. Операцияны аудандық аурухана директоры, медицина ғылымының магистрі Иманалиев Даурен Жұмазыұлы мен жоғары санатты дәрігер, медицина ғылымының магистрі, Ұйғыр аудандық ауруханасының директоры Еликбаев Айдын Молдашұлының қатысуымен жасады.**

Аталған аурухана директоры Даурен Жұмазыұлы облыстың білікті мамандарымен тәжірибе алмасу жұмысы қолға алынғанын айтады.

> — Біздің ауруханаға биыл күрделі жөндеу жұмыстары жасалғаннан кейін жаңа медициналық жабдықтар сатып алынды. Соның нәтижесінде бірқатар операцияларды дәрігерлер аудан деңгейінде жасайтын болды. Ауруханада алғаш рет екі науқастың өт қабына лапароскопиялық жолмен ота жасалды. Қазір науқастардың жағдайы бірқалыпты. Сонымен қатар ауруханада маман тапшылығын шешу мақсатында Алматы қаласынан арнайы шақыртумен келген бейінді мамандар аудан тұрғындарына аптасына бір рет қабылдау жүргізіп жатыр,- деді аудандық аурухана директоры Даурен Жұмазыұлы.

Лапароскопия — бұл хирургиялық араласулар мен органдардың диагностикалық зерттеулерін жүргізудің заманауи әдісі. Бұл әдіспен жасалған отадан кейін науқастың денсаулығы тез қалпына келеді.

Еске сала кетсек, іргетасы 1986 жылы қаланған Балқаш аудандық орталық ауруханасына 2022 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта аурухана 26 мыңға жуық тұрғынға медициналық көмек көрсетеді.

---

Жарияланды: 2022-05-04T04:20:27+06:00

Жаңартылды: 2022-05-04T04:20:27+06:00

Авторлар: [Амин Абдулманов](https://qazaqpress.kz/author/amin-abdulmanov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/05/04/balqash-awdandyq-awrwhanasynda-zamanawi-aedispen-operaciya-zhasalyna-bastady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.