---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/05/03/almaty-oblysynda-kartingte-10-zhastaghy-bala-qaza-tapty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы облысында картингте 10 жастағы бала қаза тапты

![Алматы облысында картингте 10 жастағы бала қаза тапты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/05/220502201835135e.jpg)

**Алматы облысында 10 жастағы бала карт тебем деп мерт болды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жеткіншек карт машинасын басқарып келе жатып, пластмассадан жасалған заттардан қойылған қоршауды бұзып өтіп, жол бойында тұрған ГАЗ-53 көлігіне соғылған.

> «Оқиғаның куәгерлерінің айтуынша, жеткіншек мінген картты оның артынан келе жатқан, карт қаққан. Соның инерциясымен жарыс машинасы қоршаудан бұзып шыққан. Куәгерлердің сөзінше, оқиға орнында Іле ауданы полициясының жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Тәртіп сақшылары қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Олар қазір куәгерлерден жауап алуда»,- деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

---

Жарияланды: 2022-05-03T05:21:49+06:00

Жаңартылды: 2022-05-03T05:21:49+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/05/03/almaty-oblysynda-kartingte-10-zhastaghy-bala-qaza-tapty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.