---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/05/02/toqaev-qazaqstandyqtardy-oraza-ajt-merekesimen-quttyqtady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

![Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/05/photo_395296.png)

**Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Qazaqpress.**

> — Құрметті отандастар!
> 
> 
> 
> 
> Сіздерді барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
> 
> 
> 
> 
> Отыз күндік оразадан кейін келетін бұл мерекені халқымыз қашанда ерекше сезіммен, зор қуанышпен қарсы алады. Рухани тазаруға және кемелденуге бастайтын Рамазан айын ұлықтап, бір-біріне ізгі тілектерін арнайды.
> 
> 
> 
> 
> Ораза айт әр мұсылманның жүрегіне имандылық нұрын себеді. Жұртты жақсылық жасауға, қанағатшыл, қайырымды және кешірімді болуға үндейді. Біз халқымыздың осындай бірегей қасиеттерінің арқасында бірлігімізді бекемдеп келеміз.
> 
> 
> 
> 
> Исламның асыл құндылықтары Жаңа Қазақстанның да руханиятын өркендетуге септігін тигізері сөзсіз.
> 
> 
> 
> 
> Айт қабыл болсын!
> 
> 
> 
> 
> Баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке тілеймін!
> 
> 
> 
> 
> Айттан айтқа аман-есен жете берейік!
> 
> 
> 
> 
> Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!, — делінген құттықтауда.

---

Жарияланды: 2022-05-02T06:02:46+06:00

Жаңартылды: 2022-05-02T06:03:16+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/05/02/toqaev-qazaqstandyqtardy-oraza-ajt-merekesimen-quttyqtady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.