---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/05/02/almatyda-swpermarket-oertendi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда супермаркет өртенді

![Алматыда супермаркет өртенді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/05/220502123508441e.jpg)

**Түрксіб ауданында орналасқан ірі супермаркет өртенді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, бүгін сағат 10:32 шамасында өрт сөндіру бөлімшелері Түрксіб ауданына қарасты Сүйінбай көшесі, 419 а мекенжайы бойынша өрт туралы хабарламаға жоғары дәрежедегі шақыртумен шықты.

> «Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минутта жетті. Олар екі қабатты «Huseinoff» супермаркетінің екінші қабаты мен шатыры ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары дереу адамдардың бар-жоғына барлау жүргізіп, өрт оқпандары енгізілді. Оқиға орнында штаб орнатылып, 50-ден астам қызметкер және 15 техника, оның ішінде екі АЛ-32 метрлік өрт автосатысы жұмылдырылды» , — деп хабарлады ведомствадан.

Қабылданған шұғыл шараның арқасында өрт толық сөндірілді.

Қаза болғандар мен жараланғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

 

---

Жарияланды: 2022-05-02T06:59:49+06:00

Жаңартылды: 2022-05-02T06:59:49+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/05/02/almatyda-swpermarket-oertendi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.