Алматыда супермаркет өртенді

Алматыда супермаркет өртенді

Түрксіб ауданында орналасқан ірі супермаркет өртенді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, бүгін сағат 10:32 шамасында өрт сөндіру бөлімшелері Түрксіб ауданына қарасты Сүйінбай көшесі, 419 а мекенжайы бойынша өрт туралы хабарламаға жоғары дәрежедегі шақыртумен шықты.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минутта жетті. Олар екі қабатты «Huseinoff» супермаркетінің екінші қабаты мен шатыры ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары дереу адамдардың бар-жоғына барлау жүргізіп, өрт оқпандары енгізілді. Оқиға орнында штаб орнатылып, 50-ден астам қызметкер және 15 техника, оның ішінде екі АЛ-32 метрлік өрт автосатысы жұмылдырылды» , — деп хабарлады ведомствадан.

Қабылданған шұғыл шараның арқасында өрт толық сөндірілді.

Қаза болғандар мен жараланғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.