---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/04/29/toqaev-ata-zanggha-oezgeris-engizwge-qatysty-zhalpyulttyq-referendwm-oetkizwdi-usynamyn/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев: Ата заңға өзгеріс енгізуге қатысты жалпыұлттық референдум өткізуді ұсынамын

![Тоқаев: Ата заңға өзгеріс енгізуге қатысты жалпыұлттық референдум өткізуді ұсынамын](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/03/photo_96113.jpeg)

**Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты ХХХІ сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап**.

> «Әзірленген түзетулердің тарихи маңызы бар. Біз мемлекеттігіміздің даму жолындағы жаңа кезеңге қадам басқалы тұрмыз. Осы реформалар қолға алынған кезде Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын Парламент қарайды деп ойлаған едім. Бұл — қолданыстағы заңнамада орныққан рәсімнің бірі. Алайда, алдағы ауқымды әрі маңызды өзгерістер ел болашағына айрықша әсер етеді. Сондықтан мен Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынамын», — деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы референдум маңызды демократиялық институт екенін баса айтты.

> «Алайда, Қазақстанда соңғы рет 1995 жылы қолданыстағы Конституция бекілген кезде де өткізілген еді», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

---

Жарияланды: 2022-04-29T08:12:59+06:00

Жаңартылды: 2022-04-29T08:12:59+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/04/29/toqaev-ata-zanggha-oezgeris-engizwge-qatysty-zhalpyulttyq-referendwm-oetkizwdi-usynamyn/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.