«Алтын Орда» базарына қатысты тексеру шаралары әлі жүргізіліп жатыр

«Алтын Орда» базарына қатысты тексеру шаралары әлі жүргізіліп жатыр

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚДА) талдау нәтижелері бойынша прокуратура органдарымен бірлесіп көтерме-әмбебап базарларға тексеру жүргізілді, деп хабарлайды Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

«Алматы облысында өңірлік прокуратурамен бірлескен «Altyn Orda QazTrade Ltd» ЖШС («Алтын Орда» базары) қызметін тексеру шаралары әлі жүргізіліп жатыр, оның әрекеттерінде монополиялық жоғары бағаларды белгілеу бөлігіне қатысты бұзушылық белгілері байқалады – делінген хабарламада.

Еске салсақ, 13 сәуірде «Алтын Орда» базарын тексерудің алдын ала нәтижелері жарияланды. Салық органдарының өкілдері 1,6 млрд теңгенің бұзушылығын анықтады.