Халықаралық технологиялардың көшбасшысы болып табылатын Xiaomi компаниясы Қазақстанда алғаш рет Redmi Note 11 Pro мен Redmi Note 11 Pro 5G смартфондарының тұсаукесерін жасап, олардың ел нарығында сатыла басталғанын жариялады.
Жаңа өнімдер пайдаланушыларға камералар жүйесінің, зарядтау жылдамдығының, дисплейдің және чипсеттің қуатты жаңартуларын ұсына отырып, флагмандық технологияларды қолжетімді ету арқылы жақсартылған сипаттамалармен қамтамасыз етуге дайын.
Флагмандық деңгейдегі камера тамаша түсірілімдер жасауға арналған
Redmi Note 11 Pro 5G мен Redmi Note 11 Pro тағы да 108 Мп негізгі модулімен жабдықталған, бұл сіздің өміріңіздің белгілі бір сәттерін жоғары ажыратымдылықта, сондай-ақ суретке аса дәлдікпен түсіруге және бөлісуге мүмкіндік береді. Смартфондардың алдыңғы панеліне 16 Мп фронтальды камера орнатылған, оның көмегімен табиғи және көрнекті селфи жасауға болады.
120 Гц дейін жаңарту жиілігі мен беті тегіс сәнді корпусы бар FHD дисплейі + AMOLED DotDisplay
120 Гц-ке дейін жоғары жаңару жылдамдығы мен 360 Гц-ке дейін дискреттеу жиілігінің арқасында смартфондардың жаңа сериясы бірқалыпты анимациялар мен кідіріссіз өтуді, сондай-ақ саусақтар жанасуының аса дәл тіркелуін қамтамасыз ету арқылы экранды пайдаланудан алынатын әсерді одан әрі жақсартады.
Барлық деңгейдегі тез және күшті өнімділік
Redmi Note 11 Pro 5G алдыңғы қатарлы сегіз ядролы Snapdragon ® 695 процессоры негізінде жұмыс істейді. Бұл чипсет 5G байланысын, сондай-ақ 6nm флагмандық технологиясы мен 2,2 ГГц-ке дейінгі тактілік жиілікті қамтамасыз етеді. Redmi Note 11 Pro MediaTek Helios 96 сегіз ядролы процессорымен және 8 ГБ-қа дейін жедел жадымен жабдықталған.
Бұдан басқа екі құрылғы да сыйымдылығы 5000 мАч үлкен аккумуляторымен жабдықталған. Осы аккумулятордың ерекше сыйымдылығымен қатар, Redmi Note 11 Pro 5G мен Redmi Note 11 Pro 67 Вт флагмандық Xiaomi турбо зарядтау құрылғысын пайдаланады, аккумулятордың 50%-ын толтыруға 15 минут кетеді.
Қолжетімділік пен бағалар:
Қазақстанда Redme Note 11 Pro мен Redmi Note 11 Pro 5G 27 сәуірде сатылымға шығады. Redmi Note 11 Pro 6 ГБ + 128 ГБ нұсқасының ұсынылған бөлшек сауда бағасы 169 990 теңгені, ал 8 ГБ + 128 ГБ нұсқасы — 179 990 теңгені құрайды. Redmi Note 11 Pro 5G 6 ГБ + 64 ГБ нұсқасы 179 990 теңге, 6 ГБ + 128 ГБ нұсқасы 189 990 теңге және 8 ГБ + 128 ГБ нұсқасы 199 990 теңге бағасымен ұсынылатын болады. Жаңа өнімдерді келесі арналарда сатып алуға болады: Sulpak, Технодом, Белый Ветер, Alser, Эврика, Мечта, Mi.com.kz, Фора, DNS, Freedom Mobile, Билайн, KCell и Tele2.
Xiaomi туралы
Xiaomi 2010 жылдың сәуірінде құрылды. 2018 жылғы 9 шілдеде компания өз акцияларын Гонконг қор биржасына орналастырды (1810.HK). Xiaomi интернет-компаниясының басты бағыты — Заттар интернеті (IoT) платформасында смартфондар мен зияткерлік құрал-жабдықтарды шығару болады.
Xiaomi инновация мен сапаға бірдей көңіл бөле отырып, үнемі қызмет көрсету сапасы мен жылдам тиімділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге тырысады. Компанияның миссиясы — инновациялық технологиялардың көмегімен адамдардың өмірін жақсарту үшін сапалы өнімдерді үнемі әділ бағамен жасауға ұмтылу.
2021 жылғы екінші тоқсандағы жағдай бойынша Xiaomi әлемдік смартфондар нарығында №2 смартфон бренді болып табылады. Сонымен біге компания смартфондар мен ноутбуктерді есептемегенде, 351.1 миллион зияткерлік құрылғы қосылған әлемдегі жетекші тұтынушылық Заттар интернеті платформасын құрды. Xiaomi өнімдері бүкіл әлем бойынша 100-ден астам ел мен аймақта ұсынылған.
2021 жылғы тамызда Xiaomi 338-ші орынға ие болып, үшінші рет Fortune Global 500 рейтингінің тізіміне кірді, 2020 жылмен салыстырғанда 84 орынға көтерілді. Сонымен бірге Xiaomi-ді Hang Seng Index, Hang Seng China Enterprises Index, Hang Seng TECH Index и Hang Seng China 50 Index ұсынады.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз