---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/04/26/oral-qalasyna-zhanga-aekim-taghajyndaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Орал қаласына жаңа әкім тағайындалды

![Орал қаласына жаңа әкім тағайындалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/04/lstdsltl.jpg)

**ҚР Президент Әкімшілігінің және қалалық маслихат келісімімен, меритократия қағидаттарына сәйкес Миржан Мұнайдарұлы Сатқанов Орал қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

БҚО әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Миржан Мұнайдарұлы 1977 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Білімі жоғары, Түркия Республикасы Докуз Ейлюл университетін қаржы мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы Орал қалалық қаржы бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.

Әр жылдары БҚО кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаментінің бас маманы, бөлім басшысы және басшының орынбасары, БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы, БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, БҚО әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.

Күні бүгінге дейін Бөрлі ауданының әкімі болып еңбек етті.

---

Жарияланды: 2022-04-26T09:42:53+06:00

Жаңартылды: 2022-04-26T09:42:53+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/04/26/oral-qalasyna-zhanga-aekim-taghajyndaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.