---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/04/24/saewirde-zhawghan-saewledej-euw-tuelegining-keshi-oetti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Сәуірде жауған сәуледей: ЕҰУ түлегінің кеші өтті

![Сәуірде жауған сәуледей: ЕҰУ түлегінің кеші өтті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/04/img_20220424_052412_554-2.webp)

**22 сәуір күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде Журналистика мамандығының түлегі Есмағамбетов Рамазанның «Сәуірде жауған сәуледей» атты шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Еуразия Ұлттық университетінде Инклюзивті орталығының басшысы Гүлхая Бабаханқызы мен «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі студенттің «Сәуірде жауған сәуледей» атты шығармашылық кеші өтті.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2022/04/img-20220423-wa0040-300x169.jpg)

Морт кебектей сынғыш бала атанған Рамазан Есмағамбетовтың бүгінгі таңда маңдайында жұлдызы жанып, 2022 жылы Еуразия Ұлттық университетінің мерейін асқақтататын түлегіне айналып отыр. Кеш форматы кейіпкермен сұхбат түрінде өтті. Іс-шара «Дала сазы» оркестрінің күйімен басталып, қорытындыланды.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2022/04/20220424_064429-300x165.jpg)

Іс-шараға Журналистика және Саясаттану факультетінің Директор орынбасары, Гүлжауһар Жамбыловна; Журналистика және Саясаттану факультетінің докторанты, Айжан Пернебекқызы; «Отырар кітапханасы» орталығының ғылыми қызметкері және Директор орынбасары, Жадыра Айдарбекқызы; Ғали Орманов атындағы №7 мектеп гимназиясының Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, Сабира Аманжановна және т.б. қатысты.

Сонымен қатар, алтын медаль үміткерлері болған мектеп алды оқушылары шақырылып, ЕҰУ-не қызығушылығын арттыру мақсатында университет жайлы шағын баяндама жасалды.

Іс-шара қонағы марапатталып, кездесу фотосессия мен оркестрдің әсем күйінің орындауында аяқталды.

---

Жарияланды: 2022-04-24T00:45:15+06:00

Жаңартылды: 2022-04-24T00:48:10+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ](https://qazaqpress.kz/tag/l-n-gwmilev-atyndaghy-euw/), [мектеп түлектері](https://qazaqpress.kz/tag/mektep-tuelekteri/), [Рамазан Есмағамбетов](https://qazaqpress.kz/tag/ramazan-esmaghambetov/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/04/24/saewirde-zhawghan-saewledej-euw-tuelegining-keshi-oetti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.