---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/04/23/resej-tehnologiyalyq-sektorgha-sonyng-ishinde-cwkerbergke-elge-kirwge-tyjym-saldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ресей технология секторына, соның ішінде Цукербергке елге кіруге тыйым салды

![Ресей технология секторына, соның ішінде Цукербергке елге кіруге тыйым салды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/04/rossiya-zapreshhaet-vezd-v-stranu-predstavitelyam-tehnologicheskogo-sektora-vklyuchaya-czukerberga-485x360-1.webp)

**Бұл тыйымдарға сәйкес Facebook пен Instagram желілері жабылып, Google News-ке кіру шектеледі және YouTube-қа қатысты ескертулер айтылады, деп хабарлайды Qazaqpress Bizmedia.kz-ке сілтеме жасап.**

Ресей-Украина соғысының тұсында Ресей Сыртқы істер министрлігі АҚШ қайраткерлеріне, соның ішінде технология алпауыттарына және т.б. белгісіз мерзімге елге кіруіне тыйым салынғандардың тізімін жариялады.

TechCrunch хабарлауынша, тізімге вице-президент Камала Харрис сияқты АҚШ-тың жоғары лауазымды саясаткерлері, Meta желісінің бас директоры Марк Цукерберг пен LinkedIn бас директоры Райан Росланскийді қоса алғанда технология алыптары және министрліктің пікірінше «Русофобияға» қатысты ақпаратты насихаттайтын журналистер мен өзге де тұлғалар кіреді.

Сондай-ақ бұл мәлімдеме РФ-ның ақпарат тарату ережелеріне бағынбайтын бірнеше Батыс платформаларын жабу немесе шектеу әрекеттерінің жалғасы болып табылады, әсіресе Ресей позициясын қолдаған елдерге шектеу қойғаны үшін.

Бұл шараларға Facebook пен Instagram желілерін жабу, Google News-ке кіруді шектеу және YouTube туралы ескертулер кіреді.

Сонымен қатар, Apple, Google, Microsoft және басқа да көптеген технологиялық алпауыттар Ресейдегі жұмысын тоқтатты.

Одан бөлек тізімге Bank of America төрағасы және бас директоры Брайан Томас Мойнихан және ABC телеарнасының жүргізушісі Джордж Стефанопулос та кірді.

The Moscow Times басылымының жазуынша, АҚШ пен Еуроодақ кейбір ресейліктерге, соның ішінде президент Владимир Путинге, оның қыздарына және Ресей көшбасшылығының кілті деп саналатын олигархтарға жеке санкциялар салынды.

---

Жарияланды: 2022-04-23T07:34:12+06:00

Жаңартылды: 2022-04-23T07:37:00+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [В.В.Путин](https://qazaqpress.kz/tag/v-v-pwtin/), [Ресей](https://qazaqpress.kz/tag/resej/), [санкция](https://qazaqpress.kz/tag/sankciya/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/04/23/resej-tehnologiyalyq-sektorgha-sonyng-ishinde-cwkerbergke-elge-kirwge-tyjym-saldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.