---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/04/22/nurlan-maesimovke-izdew-zhariyalandy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды

![Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/04/19158281_0_87_1200_762_1920x0_80_0_0_7bc3470cf0ae7288c18080e277e2f945.jpg)

**Полиция генерал-майоры Нұрлан Мәсімов пара алды деген күдікке ілінді****, деп хабарлайды****Qazaqpress** **Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет****ке сілтеме жасап.**

> «Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Павлодар облысы Полиция департаментінің экс-бастығы полиция генерал-майоры Мәсімовке қатысты аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен соталды тергеуді бастады (Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігі бойынша).
> 
> 
> 
> 
> Осы факт бойынша оның іс-әрекеті сырттай сараланып, тергеу соты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасымен санкциялады», — делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта Мәсімовке іздеу жарияланған.

> «Іс бойынша оның орналасқан жерін анықтау бойынша қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары және істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған басқа да тергеу іс-әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша тиісті іс жүргізу шешімі қабылданады», — делінген хабарламада.

---

Жарияланды: 2022-04-22T06:22:11+06:00

Жаңартылды: 2022-04-22T06:22:11+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/04/22/nurlan-maesimovke-izdew-zhariyalandy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.